Главная страница
Навигация по странице:

  • Факультеті: ________________________________ Кафедрасы: _________________ _______________ СӨЖ Тақырыбы: _________________________________________

  • Жоспар: 1

  • Жаратылыстану ғылымдары

  • Жаратылыстану салалары Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады:1) физика

  • 2. Негізгі бөлім 2.1. Мединициналық цифрландыру

  • 3.Қорытынды

  • 4. Пайдаланылған әдебиеттер 1 .

  • азастан Республиканы білім жне ылым министрлігі лФараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Кафедрасы


    Скачать 115.28 Kb.
    Названиеазастан Республиканы білім жне ылым министрлігі лФараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Кафедрасы
    Дата04.11.2018
    Размер115.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСӨЖ 2.docx.docx
    ТипДокументы
    #52751

    Қазақстан Республиканың білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



    Факультеті: ________________________________
    Кафедрасы: ________________________________

    СӨЖ
    Тақырыбы: _________________________________________


    Орындаған: __________________

    Тексерген: ___________________

    Алматы-2018жыл

    Жаратылыстану және медицинадағы цифрландыру

    Жоспар:

    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім

    2.1 Медицинадағы цифрландыру

    3. Қорытынды

    1. Кіріспе

    Жаратылыстану - табиғат туралы ғылымдар жүйесі.

    Дәл жаратылыстану- бұл толығынан қалаптастырылып дайындалған. Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім.

    Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы.Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын тануымен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, 18да  жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.

    Жаратылыстану салалары

    Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады:
    1) физикахимия;
    2) биологияботаниказоология; 
    3) анатомияфизиологиягенетика;
    4) геологияминералогияпалеонтологияметеорологиягеография  (физикалық); 
    5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.

    Биология

    Тірі ағзалардың дамуы мен тіршілік етуінің генетикалық ережелері бар химиялық реттілік — ДНҚ-ның бөлігі Бұл дисциплиналар тобына кіретін ғылым салалары тірі ағзалармен байланысты пайда болатын құбылыстарды зерттейді. Биологияның зерттеу аясына биофизиканың суб-компоненттерінен бастап экологияның күрделі жүйелеріне дейінгі бірліктер кіреді. Биология ағзалардың сипаттамаларын, классификациялануын және олардың іс-әрекеттерін, түрлердің пайда болуын және олардың бір-бірімен байланысын қарастырады.

    Биологияның құрамына ерте дәуірде пайда болған ботаника, зоология және медицинамен қоса 17 ғасырда микроскоптың жасалуы нәтижесінде пайда болған микробиология енеді. Алайда 19 ғасырға дейін биология біртұтас ғылым болмады. Тек ғалымдар барлық тірі ағзалардың арасындағы ортақ қасиеттерді анықтағаннан кейін осы қасиеттерді бірітіре отырып зертеу қолға алынды.

    Биология тарихындағы кейбір маңызды оқиғалара: генетиканың ашылуы; Дарвиннің түрлердің табиғи сұрыпталуы туралы теориясы; аурулардың микробтық теориясы және химия мен физиканың әдістерін жасушалар мен органикалық қосылыстар молекулаларын зерттеуде қолдану.

    Заманауи биология ағзалардың түріне және зерттелу деңгейіне байланысты бірнеше қосымша дисциплинаға бөлінеді. Молекулалық биология ағзалардың химиялық құрамын зерттейді, ал цитология (жасуша биологиясы) жасушаны зерттеумен айналысады. Жоғарғы деңгейде орналасқан физиология ағзаның іш құрылысын зерттейді, ал экология түрлі ағзалардың қарым-қатынасын қарастырады.
    Химия



    Кофеиннің бұл құрылымдық формуласы оның құрамындағы атомдардың орналасуы туралы түсінік береді.Химия табиғаттағы заттарды атомдық және молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясына газдар, молекулалар, кристаллдар және металдар сияқты атомдар жиынтықтары кіреді. Ол заттың химиялық құрамын, статикалық қасиеттерін, басқа затқан айналуын және байланысты реакцияларды қарастырады. Сонымен қатар химия бөлек атомдар мен молекулалардың қасиеттері мен өзара байланыстары туралы жалпы түсінік береді.

    Жаратылыстану заңдары

    Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады. Энергияның сақталу және айналу заңының, Эйнштейннің салыстырмалық теориясының, Дарвиннің эволюциялық ілімінің жасалуы, сондай-ақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механикагенетикакибернетикаастрофизика, т.б. жедел дамуының нәтижесінде философия ғылымы теориялық жағынан байытыла түсті. Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі болып табылады.

    2. Негізгі бөлім

    2.1. Мединициналық цифрландыру

    «Бүгінгі заманның цифрлы технологиялары ұлттық эконо­микалардың бет-бейнесін жылдам өзгертіп жатыр және ол қо­ғамның барлық салаларына қа­тыс­ты. Сондай салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Мем­лекет басшысы өзінің биыл­ғы Жолдауында да цифр­лы технологиялар арқылы ме­ди­циналық көмектің қолжетім­ділі­гі мен тиімділігін арттыру қа­жет екенін атап өтті», деген Г.Исимбаева елімізде Денсау­лық сақтаудың бірың­ғай ақпарат­тық жүйесін әзір­леу осыдан 13 жыл бұрын бастал­ғанын еске салды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда стационарда жататын науқас­тардың электронды тіркелімі, емдеуге жатқызу порталы және ем­ханаға бекітілетін халықтың тір­келімін және басқаларды әзір­леу жұмыстары жолға қойылған. «Цифрландыру бағдар­ламасы денсаулық сақтау жүйесін, үйге жедел жәрдем мен дәрі­герді шақырудан бас­тап бүкіл профилактикалық, диагности­калық және емдік медициналық қыз­меттерді толық қамтуы тиіс. Бұл ретте, осы қызметтердің бар­лығы өзара байланысып, бірыңғай республикалық ақпараттық жүйе­ге біріктірілгені жөн. Осы­ны ескере келе, біз, ең алды­мен, Елбасы тапсырғандай, ден­саулық сақтау саласын цифр­ландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, халық үшін қолайлы медицина жасауға тиіспіз», деді Г.Исимбаева. Одан кейін негізгі баяндама жасау үшін сөз Денсаулық сақ­тау министрі Елжан Бірта­новқа берілді. Ол өз кезегін­де келер жылдан бастап ау­дан­дық деңгейдегі барлық меди­циналық ұйымдарда интернет желісі қолжетімді бо­ла­тындығын жеткізді. Бүгінгі таңда өңірлерде медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүр­гізілуде. Атап айтқанда, денсау­лық сақтау ұйымдарын компью­терлік техникалармен жабдық­тау, олардың интернет желі­сіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында оң динамика бай­қалады. Бүгінгі күні денсаулық сақ­тау ұйымдарында медици­налық ақпараттық жүйелерді енгізу үлесі 75,5 пайызды құраса, 2019 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткішті 100 пайызға жет­кізу жоспарланып отыр. Дәрігер­лер мен орта медициналық қызмет­керлерді компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету 82,7 пайызды құрайды. Ал денсаулық сақтау ұйымының 55,7 пайызына интернет желісі қолжетімді», деді Е.Біртанов. Министрдің айтуынша, әкім­дік­тердің деректеріне сәй­кес 2018 жылдың І тоқса­ны­ның соңына дейін медици­на­лық ақ­па­раттық жүйені Пав­лодар, Маң­ғыстау, Жамбыл об­лыстарында 90 пайыздан астамын денсаулық сақтау ұйы­мына енгізу жоспарланған. «Ал Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ал­маты облыстарында және Астана қаласында медициналық ақпараттық жүйелерін енгізу ди­намикасының төмен болуы сала мамандарын алаңдатып отыр­­ғаны жасырын емес», деді ол. Сонымен қатар елдегі ден­­сау­лық сақтау саласын цифр­лан­ды­рудың бірден-бір тетігі ретінде биылғы жылдың маусым айынан бастап, электронды денсаулық паспорты жоба­сы қолданысқа енгізілмек. Элек­тронды денсаулық паспор­ты арқылы дәрігерлер пациенттің денсаулығына қа­тысты барлық ақпаратты алатын болады. Пациенттер де атал­­ған ақпа­рат­тармен таныса алады. Сонымен қатар азамат­тар ме­дициналық ұйымның көрсеткен қызметін де бағалай алады. Ол үшін алдымен министрлік денсаулық сақтаудың интеграцияланған тұ­ғыр­намасын құрады. Тұғыр­нама базасында электронды ден­саулық сақтау паспорты, пациенттің және дәрігердің жеке кабинеттері ашылып, ол жерде қажетті ақпараттар алма­суға кең мүмкіндіктер бері­леді. Дегенмен электронды ден­саулық паспортын табысты енгізу үшін барлық медици­налық ұйым пациент туралы мәліметтерді беруі және әрбір медициналық қызметті цифрлы форматта жүргізуі тиіс. «Ол үшін барлық денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық ақпараттық жүйелермен 100 пайыз қамтып, интернетке шығатын техникалармен толықтай қамта­масыз ету қажет. Оған қоса, осы мақсатты жүзеге асыру үшін медициналық жоғары оқу орын­дарында ақпараттық технология­ларға бағдарланған оқу бағдар­ла­масын енгізу жоспарланып отыр», деді Е.Біртанов. Сондай-ақ жиында ай­тыл­ған ерекше жаңалықтың бірі – бірінші тоқсанның соңына қарай Электронды үкі­мет порталынан бірнеше анық­таманы алу қыз­метінің іске қо­сы­ла­тындығы бол­ды. Олардың қа­тарында еңбек­ке уақытша жарамсыздық парағы мен тубер­кулезге қарсы, психо­нев­ро­логиялық және нар­коло­гиялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы анықтама сын­ды құжаттар бар. Ал халық­қа көрсетілген меди­цина­лық қызметтер туралы SМS-хабар­ландырулар ақпан айында енгізілетіндігі де айтылды. Ал тақырыпқа қатысты қо­сымша баяндама жасаған Мәжі­лістегі Әлеуметтік-мәдени даму ко­митетінің хатшысы Бейбіт Мам­раев Елбасы Жолдауы мен тиісті мемлекеттік бағдар­ламалар ая­сында медицина саласында атқа­рылып жатқан жұ­мыстар жөнінде сөз етті. Халық ден­сау­лығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс әзір­леніп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ депутат қазіргі уақыт­та Қазақстан бо­йынша онлайн режімде 22 ақпа­раттық жүйе жұ­мыс істейтінін, олар статисти­калық ақпаратты жинауға және ден­саулық сақтау секторын қаржы­ландыруға арналғанына тоқтал­ды. Бірақ, басты мәселе олар ор­талық органдардың базасымен және бір-бірімен өзара біріктіріл­мегеніне назар аударды.


    3.Қорытынды


    Дәрігерлер қағазбастылықтан арылып, заманауи технологиялар, жасанды интелект, телемедицинаның көмегімен маман тапшылығы азайып, науқастарды қашықтықтан бақылайды. Науқастарға көбірек көңіл бөліп, дәрігердің ем жүргізуге уақытын арттырады. Электронды төлқұжат арқылы науқастың ауру тарихы тез арада нақты сақталады. Отандық дәрігерлер шетелдік мамандармен қиындықсыз араласып, тәжірибе алмасады. Шалғай ауылдарда тұратын науқастардың денсаулығы телемедицина арқылы бақылауда болады. Осылайша үздік денсаулық сақтау саласы дені сау ұрпақтың болашағы үшін қызмет атқармақ. Жалпы, жиын барысында депутаттар медицина саласындағы көптеген өзекті мәселелерді көте­ріп, олардың шешілу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар сұрақ­тар қойып, ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде министр Е.Бір­танов депутаттар тарапынан қо­йылған сұрақтарға жауап бе­ріп, түсіндірме берді. Жина­лысты қорытындылаған вице-спикер Гүлмира Исимбаева ұсы­ныстарды тұжырымдап, Мәжі­лістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне беруді тапсырды.


    4. Пайдаланылған әдебиеттер

    1. С. Д. Фазылов , З. М. Молдахметов, А. М. Ғазалиев

    2. Интернет желісі: sn.kz . syrboyi.kz
    написать администратору сайта