Главная страница
Навигация по странице:

  • III

  • Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру әрі сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту

  • Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары

  • Шығыс Қазақстан облысында ауыз су мәселесі шешімін табуда

  • III.Қорытынды

  • IV.Қолданылған әдебиеттер

  • ақ бұлақ бағдарламасы. Жоспар Кіріспе Негізгі блім Су шаруашылыы секторыны инвестициялы тартымдылыын арттыру рі сумен жабдытау жне су бру объектілерін аржыландыруа жеке


    Скачать 42.75 Kb.
    НазваниеЖоспар Кіріспе Негізгі блім Су шаруашылыы секторыны инвестициялы тартымдылыын арттыру рі сумен жабдытау жне су бру объектілерін аржыландыруа жеке
    Дата05.12.2018
    Размер42.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаақ бұлақ бағдарламасы.docx.docx
    ТипДокументы
    #53408

    Жоспар


    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім

      1. Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру әрі сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту

      2. Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары

      3. Шығыс Қазақстан облысында ауыз су мәселесі шешімін табуда

    III.Қорытынды

    IV.Қолданылған әдебиеттер

    I.Кіріспе
    Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 қарашада № 922 Жарлығымен бекітілген .Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.Оны жүзеге асырудың нәтижесінде елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету, суды  есептегіш құралдарды қалалық және ауылдық жерлерде орнату, жер асты суларына зерттеу жұмыстарын жүргізу шаралары қарастырылған.

    Бағдарламаның басты мақ­саты – халықты қажетті мөлшердегі және сапа­сына кепілдік берілетін ауыз сумен қамтамасыз ету.Бүгінде бұл бағдарлама табысты жүзеге асуда. Бұл бағдарламаны жасау барысында төмендегідей мәселелерге баса назар аударылған. Бірінші, сумен қамту нысандарын жаңадан салған және бұрынғыларын қайта жарақтандыр­ған кезде жүйелі әдіс-тәсілдерді енгізу көзделген. Екінші, елді мекендердегі сумен қамту жүйе­лерін пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ететін көрсеткіштер белгіленген. Үшінші, су шаруашылығы секторының ин­вес­тициялық тартымдылығына және сумен қамту нысандарын қаржыландыруға жеке меншік капиталды молынан тарту ісіне мән берілген. Төртінші, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларының әлеуетін молынан пайдалануға екпін түсірілген. Бесінші, сумен қамту жүйелерін жобалаудың сапасын көтеру ескерілген. Алтыншы, су шаруашылығы секторының жағ­дайына мониторинг жүйесін енгізуге баса мән берілген. Жаңа бағдарламаны жасау барысында ескерілген осынау жүйелік тәсілдер ауылдық және қалалық жерлердегі сумен қамту жүйелерінің жағдайын зерттеу ісін міндетті түрде талап етті.

    Бағдарлама үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап іске қосылды. Оны жүзе­ге асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 2011-2015 жылдар ара­лығы. Екінші кезең – 2016-2020 жылдар аралығы. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында төмен­дегі­дей көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген.

    Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Мәселен, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін қолданылатын 1-санаттағы ашық су айдындарынан алынатын су сапасы жалпы республика бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2009 жылмен салыстырғанда төмендеген, 1989 су сынамасының 151-і немесе 7,6% нормативке сай келмеген, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша - 4,5%. Қызылорда облысы бойынша су айдындарының ластану деңгейі бұрынғыдай жоғары болып қалуда - 95,8%, Батыс Қазақстан облысында - 22,4%, Ақмолада - 16,9%, Оңтүстік Қазақстанда - 8,5%.     

    Ашық су айдындар суының сапасына әсер ететін себептердің бірі су бұру желілеріндегі авариялар және шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суды тазаламай ағызу болып табылады.

    Осыған байланысты, Бағдарлама су көздерінің тазаланбаған сарқынды сулармен ластануының алдын алуды, сумен жабдықтау және су бұру салаларына жеке капиталды тартуды, пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарының тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласында жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды көздейді.      


    Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру әрі сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту
    Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының дағдарыстық жағдайы осы сектор кәсіпорындарының қаржылық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуымен байланысты екендігі белгілі.

    Қазіргі таңда тұрғындар саны 50 мың адамнан астам ірі қалаларда орналасқан сумен жабдықтаудың және су бұрудың 26 базалық кәсіпорнының ішінен 20 кәсіпорын коммуналдық меншік нысанында және 6 кәсіпорын жеке капиталдың қатысуымен құрылған.

    Бұл ретте 2008 - 2010 жылдар кезеңінде зерттелген 20 қалалық коммуналдық су арналары бойынша кәсіпорындардың 52,6 %-ы негізгі қызметінен теріс қаржылық нәтиже алды.

    Су арналары инвестицияларының жалпы сомасының 78,8 %-ы бюджеттік қаражатқа келеді, 12,8 %-ы жеке меншік, 8,4 %-ы қарыз көздеріне келеді.

    Жалпы, осы саладағы кәсіпорындардың қызметі шығынның жоғары болуымен, сумен жабдықтау қызметтері өндірісіне шығыстарды төмендетуде экономикалық ынталандырудың болмауымен, бәсекелестіктің дамымауымен сипатталады, бұл негізгі қорлардың тозуының жоғары дәрежесінің сақталуына, кәсіпорынның тиімді жұмыс істемеуіне, энергия, су және басқа ресурстардың жоғары шығынына әкеледі.

    Айталық, 2011 жылғы 1 қаңтарға тексерілген 20 қалалық су арналарының деректері бойынша сумен жабдықтау жүйесі ұзындығының барлығы 10458 км, су бұру желісі - 6057 км құрады, бұл ретте сумен жабдықтау жүйесінің тозу деңгейі орта есеппен 64 %-ды, су бұру жүйесі 56 %-ды, орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік деңгейі 79 %-ды, су бұру қызметіне 69 %-ды құрайды.

    Жыл сайын қалалық сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің өзіне қайта жөндеуге және жаңғыртуға республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 25,0 млрд. теңге бөлінетініне қарамастан, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша орташа су секторының қалалық жүйелері мен құрылғыларының тозу деңгейі жоғары күйінде сақталып отыр және 60-80 %-ды құрайды.

    Осыған орай, сараптамалық бағалау бойынша 86 қала (26 ірі және 60 шағын) бойынша су құбырлары мен кәріз құрылыстарына жұмсалатын шығынды есепке алмағанда, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін қайта жөндеуге жалпы қаражат қажеттілігі 515,6 млрд. теңгеге бағаланады.

    Инвестициялардың осындай көлемін бюджеттік салымдар есебінен ғана қамтамасыз етуге болмайтыны анық және сыртқы инвестиция тарту үшін жағдай жасауды талап етеді, олар халықаралық қаржы институттары, су секторында тәжірибесі бар жеке инвесторлар және даму жөніндегі басқа әріптестер болуы мүмкін.

    Осыған байланысты Бағдарлама шеңберіндегі қызметтің негізгі бағыттарының бірі сумен жабдықтау мен су бұру секторларының инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру болып табылады.

    Кәсіпорындардың рентабельді жұмысын және жеке инвесторлар салған инвестициялар қайтарымдылығының кепілдігін қамтамасыз ететін инвестициялық тартымды тарифтер сектордың инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі факторына айналуға тиіс.

    Инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырғанда:

    инвестордың қаржылық-экономикалық тәуекелін;

    нормативтік және/немесе нормативтен тыс шығындарды төмендетуді;

    жобалардың ішкі кірістілік нормаларын және басқаларды ескеру қажет.

    Желілердің қазіргі тозу деңгейін және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтеріне қолданыстағы тарифтердің деңгейін ескере отырып, алдағы кезеңде қала жүйелерін қалыпқа келтіру және дамыту жөніндегі іс-шараларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру сақталады.

    Сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелерін қайта қалпына келтіруге және дамытуға қажетті сома қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі жүргізіп жатқан зерттеу мен инвестициялардың негіздемесін әзірлеу бойынша нақтыланатын қорытындыларын атап өту керек.

    Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне орта және ұзақ мерзімді тарифтің шекті деңгейінің есебі мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы жүктемені төмендету есебінен ғана емес, жеке инвестиция тарту есебінен және тиісті кәсіпорынның ішкі резервтерін тиімді қолдану есебінен жүзеге асырылуға тиіс.

    Бағдарламада 2020 жылдың аяғына дейін республиканың 26 ірі қаласын базалық сумен жабдықтау мен су бұру кәсіпорындарын орта және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа көшіру көзделген. Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорынның жеке айналым қаражатын толықтыру көздерінің бірі суды қолдану көлеміне байланысты және тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифтерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.

    Бағдарламада сумен жабдықтау және су бұру секторын жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгіленеді; қайта жаңарту мынадай жолмен жүргізілуге тиіс:

    1) табиғи монополия субъектілерінің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыруы;

    2) мемлекеттік меншіктегі объектілер үшін бюджет қаражатын бөлу, сонымен бірге сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары тарифті бекіту;

    Халықтың сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қол жеткізуін арттыру үшін жаңа инженерлік желілер салу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

    Сумен жабдықтау және су бұру секторын жаңғыртудың тиімді және негізгі аспектілерінің бірі жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың озық құралдарын қолдану болып табылады. Оған су арналарының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерде шекті (инвестициялық) тарифтерді қолдануы жатады.

    Шекті (инвестициялық) тарифтер бойынша жұмыс істейтін субъектілердің санын арттыру мүмкіндігін іске асыру:

    1) су арналарының тарифтік кірістер есебінен және қарыз қаражатын мейілінше аз тарта отырып, жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негізгі қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бір рет) қайта бағалау жүргізуі;

    2) су арналарының жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгізе отырып, сумен жабдықтау және су бұру секторының желілері мен құрылғыларын жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуі және бекітуі;

    3) реттелетін қызметтерге инвестициялық тарифтер {орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге) бекіту;

    4) реттелетін қызметтерге бір мезгілде тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін республиканың барлық өңірлерінде табиғи монополия субъектілерінің, ең алдымен - базалық субъектілердің (2015 жылға қарай міндетті көшуіне орай) инвестициялық тарифтерге көшуі бойынша кесте әзірлеу жолымен қамтамасыз етілетін болады.     

    Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары
    Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр. Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Әр облыс бағдарлы жұмыстар атқарып жатыр. Бұл бағытта облыс көлеміндегі аудандарда айтарлықтай іс атқарылуда. Сондай ауданның бірі – Алтынсарин ауданы. Бағдарламаның басты мақсаты биік. Халықты қажетті мөлшердегі және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Оның іске асырылу мерзімі де белгілі.

    "Ақ бұлақ" өңірлік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру Алтынсарин ауданының халқын қажетті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жергілікті билік те елді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, бұл мәселенің халық денсаулығына да, күнкөріс деңгейінің жақсара түсуіне де тікелей қатысы бар. Аталған ауданда су мәселесі қиындығын туғызып келгені рас. Бұрынғы су құбырлары түгелімен ескі еді. Тұрғындар күнделікті ауыз суды "Обаған су" жеке фирмасынан сатып алып отырды. Енді ол күндер артта қалды.

    Обаған, Силантьев, Щербаков ауылдарының халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған су құбырының құрылысы "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бұл салаға республикалық және облыстық бюджеттен 1 439 289,6 мың теңге бөлінді. Бүгінде соның 68 пайызы игерілді. Биылғы жылы Большая Чураковка ауылы кезекте тұр. Тұрғындар үйлеріне суды өздері кіргізіп алады. Қазіргі күні нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүруде. "Пластстандарт" ЖШС бұл іспен екінші жыл айналысып жатыр. Далада жұмыстарды жүргізіп жатқан жерде бірнеше жұмысшы қызу іске кіріскен. Қай заманда да халықты сапалы ауыз сумен қамту маңызды мәселе.

    Мемлекет тығырықтан шығудың жолдарын дұрыс шешіп, тұрғындардың жағдайы айтарлықтай жақсарып келеді. "Ақбұлақ" бағдарламасы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын тиімді пайдалануда. Бүгінде Алтынсарин ауданы бойынша Обаған, Силантьев, Щербаков ауылдарына су тартылып жатыр. Бүгінгі күні 500-600 құдық қазылды. Орынкөл жерінде 140 метрлік үш скважина да қазылып, іске қосылды. Бұл 50 жылға жарамды. Енді Малая Чураков селосына су бере бастадық. Ауыз судың зардабын тұрғындар кезінде аз көрмеді. Суды тасып, сатып алып отыратын. Бүгінгі таңда ауыз су проблемасын толықтай шешу мақсатында атқарылып жатқан істерге өзіміз де куә болдық. Бұған дейін аудан тұрғындарын ауыз сумен "Обаған су" ЖШС қамтамасыз етіп келгені белгілі. Оған қоса бір фляг суды 10-40 теңгеден сатып алып келген жұртшылық үшін енді "Ақ бұлақтың" арқасында бұл қиындықтардың артта қалары сөзсіз. Аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Қ.Садықовтың   айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша ауданға су тарту былтырғы жылдың мамыр айында қолға алыныпты. Жобаға республика және облыс қазынасынан жалпы сомасы 1 млрд. 439 млн. теңге бөлінген. Содан бері құрылыс қызу жүруде. Ауыз  су мәселесі жалғыз біздің ауданда ғана емес, еліміздің әр өңіріндегі басты проблемалардың бірі десек те болады. Бірақ, соңғы жылдары бұл проблема да біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Елімізде қолға алынған "Ақ бұлақ" бағдарламасының да басты мақсаты –  еліміздің аймақтарындағы елді-мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету ғой, осының арқасында міне, біздің ауданымыз да сапалы ауыз суға қол жеткізгелі жатыр. Осыған дейін аудан тұрғындарына су белгілі бір уақытпен қана, күніне екі сағат ғана беріліп келсе, енді күндіз-түні сумен қамтамасыз етіліп отыр. Жұмыс 2015 жылы құрылыс аяқталып, сапалы ауыз су толықтай іске қосылатын болады. Мердігер "Пластстандарт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де қазіргі күні өз жұмыстарын сапалы атқарып жатыр. Елімізде сапалы ауыз суға жарымай отырған елді-мекендер көп-ақ. Өзіміздің басымыздан өтті ғой. Бұл мемлекеттік бағдарламаның арқасы. Осының аясында да көптеген елді-мекендерге, әсіресе шалғайдағы ауылдарға да су тартылып, халық сапалы ауыз судың игілігін көре  бастады. Су тіршілік көзі ғой.

    Жалпы, біздің аудан бойынша он екі елді-мекен бар. Әрине, оның бәрін бір-екі жылдың бедерінде сапалы ауыз сумен қамту мүмкін емес, ол болашақтың еншісіндегі жұмыстар. Қазір аудан орталығына тартылып жатыр, оған да шүкір. Бірте-бірте осылайша ауылдарға да жетері сөзсіз. Аудан, ауыл орталығына су құбырлары тартылған соң, әркімнің өз үйінің ішіне су кіргізіп алуы өз қолдарында. Сонымен қатар, әр үйге есептегіш құралы да орнатылатындықтан үй иелері де суды ысырап етпеуге, үнемдеп пайдалануға әрекет ететін болады. Бұл кімге болса да өте тиімді болмақ. Ең бастысы, орталықтандырылған су құбыры тартылса, оның өзі қарапайым халыққа үлкен жеңілдік. Ел ырыздығын арттырып, көптің алғысын арқалаған "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бұл бір аудандағы іс. Осы сияқты облыс бойынша қаншама ауылға ауыз су жетіп жатыр. Келешекте су машақатын көріп отырған тұрғындардың жанайқайы да осылайша оң шешімін тауып жатса игі.

    Шығыс Қазақстан облысында ауыз су мәселесі шешімін табуда


    Шығыс Қазақстан облысында соңғы бес жылда «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 37 млрд теңге бөлініп, өңірде 110 сумен қамту нысаны салынған. Биыл олардың қатары тағы 47 жобамен толықты. Бір ғана Күршім ауданындағы Боран ауылының тұрғындары «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша орталықтандырылған суға қол жеткізді. Жоба құны – 652 млн теңге. Ал Шемонаиха ауданында Новоильинка, Рулиха және Красная Шемонаиха ауылдары биыл 100 пайыз таза сумен қамтылды. Аудан орталығында да 282 млн теңгенің жобасы жүзеге асырылуда.

    Шығыс Қазақстанда алдағы 3-4 жыл ішінде алыстағы ауыл аймақтың барлығын дерлік ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Бұл үшін 103 миллиард теңге қаражат қажет. Сала басшыларының мәлімдеуінше, қазір өлкеде ауыз су құбырын тарту құрылыстары қарқын алып отыр. Дегенмен облыс орталығы  Өскеменнің өзінде талай жылдан бері тіршілік нәріне зар болып отырғандар  бар.  Мамандардың сөзіне сенсек алдағы жылдары аймақта таза ауыз сумен қамтылмаған елді мекен қалмайды. Жырақтағы жұртқа тіршілік нәрін жеткізуге бағытталған құрылыстар қарқынды. Көкпекті ауданындағы Теректі ауылы бүгін-ертең сапалы суға қол жеткізгелі отыр. Ал Үржар ауданындағы Шолпан ауылы тұрғындарының ауыз су сұрап шырылдағандарына талай жыл болған еді. Ауылды орталықтандырылған су жүйесіне қосу жобасы өткен ғасырдың 90-жылдары қолға алынып сол күйі аяқсыз қалыпты.

    Тіпті өткен жылы оқушылардың жаппай сарыауру жұқтыруына осы сапасыз ауызсу себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Облыста ауыз сумен қамтылу деңгейі ең төмен өңірлер қатарына Көкпекті, Бесқарағай, Ұлан, Күршім, Бородулиха және Тарбағатай аудандары енеді. Осы аудандарды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Үкімет тарапынан бөлінген қаражаттар тиімді пайдаланылмай отыр. Мысалы: Тарбағатай мен Аягөз аудандарында ауызсумен қамту жобасына 160 миллоннан астам қаржы бөлінген. Алайда судың сапасы нашар болып шыққан. Сонымен қоса Ұлан аудандағы Новоазово, Шымқора, Шемонайха ауданындағы Первомайка, Бородулиха ауданындағы Белағаш, Глубокое ауданындағы Белоусовка елді мекеніндегі сумен қамту бойынша жобалар ұзаққа созылып кеткен екен. Ал Риддер қаласындағы су тарту құрылысының жүргізіліп жатқанына он жылдан астам уақыт өткен.

    Бағдарлама аясында жасалған барлық жобалар өз уақытында бітуге тиіс. Ал уақыты тым ұзаққа созылып кеткен объектілер бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс істеу керек. Құрылыс барысында жасалған қателіктер үшін құрылыс иелері жауап беру керек. Бородулиха ауданында 9 мыңға тарта тұрғын судан таршылық көріп отыр. Мәселен, ауылдарды таза сумен қамтамасыз ететін құбырлар 2002 жылдан бері арзан бағамен жеке меншікке берілген. Су сататын серіктестік қазір ауыз суды тұрғындарға кестемен беріп отыр. Шыжыған жазда, ауыл тұрғындары суды қолдан қазылған құдықтардан алуға мәжбүр.Бородулиха ауданындағы 27 елді мекенге су бір су тарату қондырғысынан тарайды. Бұл мекемені 2002 жылы су ресурстары комитетінен «Сарноғай» серіктестігі сатып алыпты. Кәсіпорын басшысы Ресей азаматы бұл мәселеге бас қатырып отырған жоқ.

    Мұндай жағдай Күршім ауданыңда орын алып отыр. Күршім ауданы обылысымыздың шығыс бөлігінде орналасқан ірі аудандарының бірі. Күршім ауданының Теректі, Қалжыр, Құйған аудандарында ауыз су ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ауыл тұрғындары ауыз суды көрші елді мекндерден сатып алып отыр.

    Қазіргі кезде бұл мәселені шешу жолдары енді қолға алынып жатыр. 2011-2015 жылдары Күршім, Теректі, Боран, Қалжыр, Барақ батыр, Маралды, Сары өлең, Тасқайың, Ұранжай және Бурабай ауылдарында 10 су құбыры салу жоспарланған. 2014 жылдан бастап Теректі ауылында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ал Қалжырда бұл жұмыс 2011-2012 жылы бітіп, өткен жылы жергілікті бюжеттен жобалау-сметалық құжатарын жасауға қаражат бөлінді. Мемілекеттік сараптаудың оң шешімі шыққан соң сумен қамту жобасының құрылысы басталады. Боранды ауылында құбыр жұмыстарының құрылысы басталып кетті. Ал Құйған ауылында геологиялық барлау жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр. Бірақ бұл жұмыстар нақты қашан, қаншалықты дәрежеде бітетіндігі белгісіз. Жоба өз уақытында, өз дәрежесінде бітсе бұл аудан толығымен ауыз сумен қамтылады.

    Көкпекті ауданыны Шығыс Қазақстан обылысының орталық бөлігінде орналасқан. Бұл ауданның бірнеше ауылдары ауыз су мәселесінен зардап шегіп отыр. Шұғылбай, Теректі, Бөкен, Өрнекті ауылдарында ауыз су өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселені шешу жолдары қолға алына бастады. Теректі ауылында геологиялық барлау жұмыстары 2014жылға жоспарланған болатын. Бірақ бұл жоспар әлі қолға алына қойған жоқ. Ауыл тұрғындары ауыз суды құдықтардан ішіп отыр, бірақ құдық суы жаз мезгілдерінде күн ысып кетуіне байланысты тартылып қалады. Бұл кезеңдерде ауыл тұрғындары суды аудан орталығынан сатып алады. Ал Шұғылбай ауылында 2013 жылы басталған геологиялық барлау жұмыстары аяқсыз қалған. Себебі жер асты сулары өте тереңде орналасқандықтан, табыла қоймады. Қазіргі кезде бұл жоба жалғасын таппай отыр. Ауыл тұрғындары суды қыс мезгілінде өзеннен,ал жаз айларында құдықтың суын ішуге мәжбүр. Бұл ауылда құдық суы ішуге жарамсыз деуге болады себебі, су ішінде зиянды заттар мен қоса құрт бар. Ауыл тұрғындары суды қайнатып қана іше алады.Суды сатып алып ішіп отыған тұрғындарды бар. Ал Қойтас ауылында жағдай тіптен мүшкіл. Ауылда ішуге жарамды су көзі жоқ. Ауыл өзені иельменит кен орыны салдарынан ластанып отыр. Ауыл тұрғындары суды құдықтардан алып отыр.

    Тарбағатай ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұл ауданның Қызыл кесік, Сәтпаев, Көкжыра, Екпін ауылдарыңда ауыз су мәселесі әлі шешілмей отыр. Қызыл кесік ауылында 2011 жылы басталған геологиялық барлау жұмыстары, жер асты өте тереңде орналасуына байланысты жалғасын таппады. Ауыл тұрғындары қыста суды өзеннен, жазда қолдан қазылған құдықтардан алады. Құдықтардың таяз болуына байланысты суының тұздылығы жоғары болып табылады. Ал Сәтпаев ауылы көршілес ауылдармен салыстырғанда 2 шақырым биіктікте қыратты жерде орналасқандықтан жер асты сулары өте терең. Бұл ауылға жақын ешқандай өзен,көл орналаспағандықтан ауыл тұрғындары ауыз су тапшылығынан зиян шегуде. Ауылға ауыз су тарту мәселелері әлі қолға алынған жоқ. Сәтпаев ауылына көршілес орналасқан Көкжыра ауылында 2011 жылы басталған құбыр жұмыстарының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Осы күнге дейін ауыз су мәселесі шешімін таппай отыр.

    Ал Зырян ауданыңдағы Феклистовка ауылының тұрғындары тот басқан ескі құбырдан су ішіп отыр. Феклистовкада орталықтандырылған сумен қамту жүйесі жоқ.Тұрғындар ауыз суды бастаудан және тот басқан ескі құбырдан алады, ал қазаннан сәуірге дейін қыс айларында аптасына үш рет бөшке тіркелген трактордан алады. Қолайсыз ауа рай кезінде су тасу тіптен қиындық тудырады. Құдық қазып алу үшінде жер асты өте тереңде жатыр. Шамамен 70 метрден артық тереңдікте орналасқан. Амалсыз ауыл тұрғындары тот басқан құбырдағы суді ішуге мәжбүр.Тозған құбырларды қалпына келтіру үлкен қаражатты талап етеді. Өйткенше жаңадан ұңғыма қазу тиімдірек көрінеді. Сол себептті республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша мәселені шешіу тиімдірек. Ол үшін шамаман 8-9 млн теңге ақша керек.

    Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген сұраныс күрт өсіп кетті және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді. Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық қажетке пайдалану былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына да зиянды әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып отыр. Мәселен, Орал, Тобыл, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын болғандықтан қазір қатты ластанып отыр. Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың құрамында ауыр металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол және басқалары) иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді.

    Жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында мемлекет тарапынан ауқымды бағдарламалар қабылданып, тұрғындарды тіршілік нәрімен толықтай қамтамасыз ету үшін миллиардтаған қаржы бөлініп те жатыр.

    III.Қорытынды
    Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағыт­талған бағдарламаға талдау жүргізу барысында са­лынған көптеген нысандар бірыңғай техникалық сая­саттың болмауынан, сапасыз материалдардың қол­данылуы салдарынан жұмыс істемей тұрғандығы бел­гілі болды. Жүйелер мен құрылыстарды пайдаланған кезде олардың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін материалдарды, технологияларды, жабдықтарды қолдану бойынша бірыңғай техникалық саясат қажет. Бұл ретте ӨДМ ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кешенді міндеттерді жүйелі түрде шешу үшін бірыңғай оператор – сумен жабдықтау және су бұру басқармаларын құру мәселесін ұсынуда. Бұл ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру секторын орталықтандыруды және барынша тиімді басқаруды жүзеге асыра алады. Сондай-ақ одан әрі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жоспарлауда сумен жабдықтау және су бұру нысандарын сапалы жобалауға, салуға және тиісті деңгейде пайдалануға мүмкіндік бермек.

    Осылайша, халықты таза ауыз сумен қамтуды көздеген «Ақ бұлақ» бағдарламасының ырыздығын мыңдаған тұрғын көріп, риза болуда. 2020 жылға дейін жалғасатын мемлекеттік бағдарлама әлі де ауыз суға зар болған талай шаңырақты шаттыққа бөлемек.

    Су – тіршілік көзі десек, «Ақ бұлақ» бағдарламасы сусаған жандарға үміт сыйлайтын үлкен олжа. Сонысымен де, бұл бағдарламаның тұрғындар үшін маңызы зор, пайдасы  мол.
    IV.Қолданылған әдебиеттер:
    1. Баешов А., Дәрібаев Ж.Е., Шакиров Б.С. ʼʼЭкология негіздеріʼʼ Түркістан 2000ж

    2. Мамбетқазиева, Сыбанбеков ʼʼТабиғатты қорғауʼʼ Алматы 1990 ж.

    3. Жатқанбаев Ж. ʼʼЭкология негіздеріʼʼ Алматы 2003ж

    4. Ү.И. Кенесариев, Н.Ж. Жақашов ʼʼЭкология және халық денсаулығыʼʼ Алматы 2003ж.

    5. Провадкин, ʼʼЭкологияʼʼ К.Лосœев, Москва – 1998г

    6. Сағымбаев Ғ.Қ Экология негіздері.. Алматы, 1995ж.

    7. Алимбаев ҚР заңдары., 1996ж.


    [Введите текст] Страница

    написать администратору сайта