Главная страница
Финансы
Экономика
Биология
Ветеринария
Сельское хозяйство
Медицина
Математика
Начальные классы
Информатика
Вычислительная техника
История
Право
Юриспруденция
Философия
Логика
Этика
Религия
Политология
Социология
Физика
Промышленность
Энергетика
Языки
Языкознание
Культура
Искусство
Автоматика
Связь
Электротехника
Химия
Другое
Воспитательная работа
Дошкольное образование
Экология
Русский язык и литература
Строительство
Классному руководителю
Геология
Физкультура
Доп
образование
Иностранные языки
География
Логопедия
Технология
Школьному психологу
ИЗО, МХК
ОБЖ
Казахский язык и лит
Обществознание
Механика
Музыка
Директору, завучу
Социальному педагогу
Психология

Райымбектин жауабы. Кмелетке толмаан кудан осымша жауап алу


Скачать 15.43 Kb.
НазваниеКмелетке толмаан кудан осымша жауап алу
Дата15.02.2018
Размер15.43 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРайымбектин жауабы.docx.docx
ТипДокументы
#49762

Кәмелетке толмаған куәдан қосымша жауап алу

ХАТТАМАСЫ
Қарауылкелді ауылы. « » қаңтар 2018 жыл.
Жауап алу басталды: « » сағат « » минут,

Жауап алу аяқталды: « » сағат « » минут.
Байғанин АІІБ аға тергеушісі полиция капитаны Ж.Ж.Шалиев, ҚР ҚПК 75, 215, 535, 536, 537, 538-баптарының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚПК-нің 208-217баптарын басшылыққа ала отырып, Байғанин АІІБ –нің тергеу кабинетінде заңды өкілдің қатысуымен, ал қажет болған кезде психолог мен педагогтың қатысуымен жауап алдым: заңды өкілі Талипова Бибігүл Жарылгасовна

Тегі және аты-жөні: Насыр Райымбек Кемалбекұлы,

Заңдыі өкіл: Талипова Бибігүл Жарылгасовна-анасы

Туған жылы: 01.04.2001ж.т.;

Туған жері: Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы Қаражар елді мекені;

Ұлты: қазақ;

Азаматтығы: ҚР;

Білімі: аяқталмаған орта;

Отбасы жағдайы: ата-анасымен толық жанұяда тәрбиеленеді

Паспортыжәне басқа құжаттар: ЖСН: 010401550586.

Тұратын жері: Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы Қаражар елді мекені

Жұмыс (оқу) орны: «Қаражар» орта мектеп 11 сынып оқушысы
ҚР ҚІЖК-нің 215 бабына сәйкес он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбiрленушiлерге міндеттері, оның ішінде олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмей, іс бойынша өздеріне белгілі болған барлық шындықты айту қажеттілігі, оның өзiнiң немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiріледі

Кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілер 16 жасқа толмаған аз. Е.Е. Төленге ҚР ҚК-нің 420 бабына сәйкес көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауаптылық туралы ескертілді:

ҚР ҚІЖК-нің 537 бабының 3-бөлігіне сәйкес заңды өкілдің міндеттері мен құқықтары: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп отырғанын бiлуге; күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулылармен, прокурор бекіткен айыптау актісімен таныстыру кезінде қатысуға, кәмелетке толмаған адамнан жауап алуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған күдiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу әрекеттерiне сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға; өзi қатысқан тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулер мәлімдеуге, тергеушінің және прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіруге; дәлелдемелер ұсынуға; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, олардан кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді.

      Заңды өкіл _________________ Б.Ж.Талипова.

кәмелетке толмаған ___________________ Р.К.Насыр.

ҚР ҚІЖК-нің 538 бабының 3 бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағаннан жауап алуға қатысып отырған педагогтың, психологтың міндеттері мен құқықтары, оның ішінде: тергеушiнiң немесе соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдiктiге, күдiктiге сұрақтар қоюға, тергеу әрекетінің хаттамасымен танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға, кәмелетке толмаған адамның жеке басын сипаттайтын қылмыстық iс материалдарымен танысуға құқықтары түсіндірілді.

Педагог, психолог _____________________

кәмелетке толмаған __________________

Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын, тілді меңгергенмін, аудармашы қажет емес.

      Заңды өкіл _________________ Б.Ж.Талипова.

кәмелетке толмаған ___________________ Р.К.Насыр.

Маған қойылған сұрақтарға төмендегідей жауап беремін, жоғарыда көрсетілген мекен жайда өзімнің ата-анаммен бірге тұрамын. Бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылғаным жоқ. Жын-жүйке немесе наркологиялық тіркеуде есепте тұрмаймын. Мен Қаражар ауылындағы орта мектепте 11 сыныпта оқимын. Мектепте барлығы 11 сынып бір класс. 4 ұл 5 қыз бала оқып жатырмыз.

Жалпы мен өзіме тоқталып кететін болсам, мектеп жанында күрес үйірмесімен айналысамын, осының нәтижесінде ауылдардағы немесе аудандардағы жарыстарға барамын. Жарысқа баратын болған соң, аудан орталығындағы немесе ауылдық жерлердегі өзіммен қатар, бір жарысқа барып жүрген балдармен араласамын.

Көбіне біздер Жарқамыс ауылының балдарымен жақсы араласамын. Себебі ауылымыздың орталығы сол Жарқамыс болып табылады.

Сұрақ: Қазыргі кезде ҚР ҚК-нің 293 баптың 2 бөлігі 1 тармағы, яғни бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде, осыған орай Сізге жауап алу қажет болып отыр, ендігі кезде айтасыз ба, оқиға бойынша Жарқамыс ауылының мектеп оқушыларымен Қаражар ауылының мектеп оқушылары бір бірлерімен төбелесті деген мәлімет бар, бұл жөнінде не айтасыз?

Жауап: Оқиғаға тоқталатын болсам, оқиға былай болды. 2017 жылдың күз айында, нақты күні есімде жоқ, Жарқамыс ауылында күрестен жарыс болған болатын, яғни кішкентай балдардың, сол жарысты қарауға біздің мектептің 10 сынып оқушысы, біздің інілріміз болып келетін Бату Арыстанбек барған болатын.

Содан жарыс бітіп, Арыстанбек Қаражар ауылына келген кезде маған айтқан болатын «мен Жарқамысқа жарыс қарауға барғанымда, сол ауылдың 11 сыныптары, яғи Нұрхандар, маған тиісіңкіреп мені боқтап жіберді» деді. Мен бұл әңгімені естіген соң, сол күні кешкісін Жарқамыс ауылындағы 11 сынып, яғни менің құрдастарым болып келетін Нұрханға телефон шалдым.

Сол арада Нұрханның өзі тұтқаны көтерді, мен сол уақытта Нұрханға «неге сендер ауылдың меннен кішкентай балдарына тиісіп боқтап жібергенсіңдер, інілерім сендерге сөз қайтарып жатырса маған айтпайсыңдар ма, өзім інілеріме
түсіндіретін едім» деп айтып едім, Нұрхан «сенің інілерің бізге сөз қайтарып, секіріп кетті» деп екеуміз сөзге келіспей қалып, біршама сөйлестік, сол сөйлескен кезде осы айтылған жағдайлармен Нқрханның жанында болған Қыдырәлі және Думанмен де осы мәтінде телефон арқылы сөйлесіп, барлығымен де сөзге келіспей қалып, телефонды тастап жібердік. Осыдан соң араға бірнеше күндер өтіп, аудан орталығына сынақ тестін тапсыруға бардық. Біздің меткептен барлығы 8 оқушы барды. (4 ұл және 4 қыз бала).

Сөйтіп аудан орталығында Т.Жармағамбетов атындағы орта мектепте сынақты тапсырып болып, киім шешетін бөлмеде тұрған кезімде Жарқамыс ауылынан сынақ тапсыруға келген, менің құрдастарым Қыдырәлі және Думандармен кездесіп қалдым. Олардың қастарында тағыда басқа сыныптастары болды, бірақта олар бізден бөлек корридорда жүрді.

Сол киім шешетін бөлмеде Думан, Қыдырәлі үшеуміз тұрып сөйлестік. Сөз мағынасы былай «менің ауылдағы інілеріммен өзім сөйлестім, сендерге енді әңгіме айтпайды, егер інілеріміз сендерге секіріп сөйлеп жатырса маған айттыңдар бірақта сендердің, де кіші інілерің біздерге әңгіме айтушы болмасын» деп сол арада татуласып қолымызды беріп келістік. Бұлай айту себебіміз екі ауылдың да жастары кіші балдары үлкендерге әңгіме айтпасын деген ойымыз болды. Сөйтіп сынақты ойдағыдай тапсырып, барлығымыз өз ауылымызға кеттік. Бұдан кейін біздер ешқандай Жарқамыс ауылымен бұл сұраққа қайта оралғанымыз жоқ, көрген кездері Жарқамысқа барғанда немесе Қаражарға келіп жатырса амандасып сөйлесіп жүрдік.

Осыдан соң, 2017 жылдың желтоқсан айының 27-ші жұлдызы күні мен сағат 15:00-дер кезінде мектепке дайындыққа келдім. Мектепте жүрген кезде меннен 1 сынып төмен оқитын Рамазан деген бала келіп, мені сыртта Жарқамыс ауылынан келіп тұрған Алтынбек шақырып тұр деді.

Менің ойымда ештене жоқ, мектеп сыртына шықтым. Алтынбек өзінің басқаруындағы «УАЗ-Патриот» автокөлігімен келіп тұр екен. Содан мен амандасып автокөлік ішіне артқы отырдым, менімен бірге автокөлікке Рамазанда артқы орындығына мініп отырды.

Біз автокөлікке отырған кезде автокөліктің рульінде Жарқамыс ауылының 1995 жылы туған Алтынбек деген бала, ал жолаушылар жағында біздің ауылдың 1995 жылы туылған Салматай деген бала отырды. Сол мектеп алдында отырып, автокөлік ішінде сөйлестік.

Сол арада Алтынбек тікелей маған «сен менің сыртымнан не сөз айтып жүрсің, бетіме айта алмайсың, біздің Жарқамыс ауылындағы 2001 жылғы балдарға әңгіме тасып жүрсің» деп тиісе бастады, сол кезде мен ақталып «өзімнің ештене айтпағанымды айтып едім, ол мені балағаттап дөрекі сөздер айтып тиісе бастады, солуақытта мен Алтынбекке өзінің үлкен екендігін айтып едім», ол маған «мен үлкен болсам, ештене айтпайын онда өзіңмен жасты Жарқамыс ауылындағы 11 сынып оқитын 5 бала алып келемін, солармен сөйлесесің, 5-ке 5 төбелесесіңдер ма» деп сұрады, ал мен болсам «өзімнің ойымды айтып, керек емес, төбелеспейміз себебі біздер 2001 жылғы балдармен қол алысып төбелеспейміз» деп айттым.

Бірақта Алтынбек «Жарқамыстан 11 сыныптың балдарын алып келемін, солармен шешерсіңдер» деп қоймаған соң, менде өзімді қорыққан сиықты болмай «5 бала алып келсең әкел, сөйлессек сөйлесерміз» деп айттым.

Салматай сол жерде Алтынбекке «кішкентай балалар ғой төбелестіріп не қыласың, ұят болады» -деп еді, Алтынбек оның сөзін тыңдамай «Жарқамыстың 11 оқитын балдарымен 5-ке 5 кездестіремін» -деп айтты.

Бірақта мен ойладым, ешқандай балдар әкелмейтін шығыр, жай айтылып отырған әңгіме болар деп.

Содан Рамазан екеуміз мектепке кіріп кеттік, мектеп ішіне кірген соң балдарға айттым. Балдар арасынан Арыстанбек, Рамазан және Асылхандар біздерде барамыз сөйлесуге деді.

Сөйтіп барлығымыз үй жағымызға кетіп қалдық, кешті күтіп жүргенімізде Қаражар ауылына менің бұрын соңды сыныптасым Мақсат келді. Кешкісін Жарқамыс ауылынан балдар келетіндігін Мақсат естіген болуы керек, кешкісін сағат 20:30-дар кезінде ауыл ішінде Арыстанбек, Рамазан және Асылхандар болып жиналып тұрғанымызда арамызға Мақсатта келіп қосылды.

Сөйтіп тұрғанымызда менің ұялы телефоныммен Мақсат Жарқамыс ауылының 11 сынып балдарына қоңырау шалды, соның ішінде Қыдырәліге. Соққан себебіміз Алтынбек күндізгісін маған Жарқамыстан 2001 жылғы балдарды алып келемін деген соң, білу үшін соқтық. Телефон шалып Мақсат Қыдырәліден «ауылға келгелі жатырсыңдар ма, Алтынбек баратандарың сендерді 5-ке 5 төбелестіруге алып келемін деп айтып кетіпті» деді. Сол кезде Қыдырәлі телефон арқылы «Қаражарға бару шаруасын естідік, баруға дайындалып жатырмыз» деп айтты. Содан Жарқамыс ауылынан балдар келетіндігіне көзімізді жеткізіп, жанымызға бізден үлкен 1995 жылы туылған Салматай деген баланы алып шығатын болдық. Себебі Жарқамыстан бізден үлкен Алтынбектерге келіп қалар деген оймен, яғни үлкен балдар болып жатырса сөйлесер деген оймен.

Сөйтіп өзіміздің жоғарыда аталған құрдастарымыз және бізден үлкен Салматай және онымен Нұрғали еріп шықты, яғни жетеуміз Қаражар ауылынан 1,5 шақырымдай жерге жаяу бардық, яғни Айсейіт деген мал пунктіне жетпей.

Сол жерде біздер Жарқамыс ауылынан келетін балдарды күттік, біздерде бара берген кезде ол жақтың да балдары «УАЗ» автокөлігімен келді.

Автокөліктен Жарқамыс ауылынан келген бізден үлкен 1995 жылы туылғандар, Алтынбек, Серікболсын және Арыстан деген балдар түсті. Бізге қарай келіп, біздермен және жанымыздағы Салматай, Нұрғалилармен амандасты.

Амандасып тұрған кезімізде Алтынбек біздерге «төбелесетін болсаңдар ешқандай қару болмауы керек» деп айттып, сол арада ол біз жақтың, яғни Қаражар ауылының 5 баласының қалталарын өзі тексеріп шықты.

Содан кейін Алтынбек дауыстап айқайлап автокөліктен түсіңдер деп, 5 баланы түсіріп алды. Автокөліктен түскен 5 баланың ішінен мен Қыдырәліні және Думанды таныдым, ал қалғаны қараңғыдан дұрыс түрлерін қарай алмадым. Содан Жарқамыс жақтан келген 5 баланы біздің жанымыздағы Салматай қалталарын қарап олда қару болмасын деген оймен тексеріп алды.

Сөйтіп сол жерде Алтынбек «алға Жарқамыс» деп айқайлады. Сол арада қарама қарсы тұрған 5-ке 5 бала бір бірімізге жүгіріп төбелесті бастап кеттік. Мен өзіме қарсы келген Нүркелді болуы керек сонымен жағаласып кеттім. Бірақта мен күресіп астында қалып қойдым. Астында қалып қойғаныммен екеуміз бір бірімізге жұдырығымызбен соққылар жасап сілтелеп жатырдық. Сол жағаласып жатырған кезде дауыс естіп қалдым «не болып жатыр тоқтатыңдар» дегенді, бұл дауыс ауылдың 1997 жылы туылған Нұрберген деген баланың дауысынан таныдым. Бірақта бұл тоқтатуға қарамай жағаласа бердік.

Жағаласуымыз көпке ұзағаны жоқ, шамамен 4 минуттың жобасы болуы керек, сол кезде қатты дауыс естідік, яғни «Думан пышақталып қалды» дегенді. Сол кезде жағаласып жатырған жерімізден барлығымыз тоқтап тұрып қалдық. Жерге қарасақ Думан шын мәнісінде жерде жатыр, ауызы қан сиықты болды. Барлығымыз барып қарадық, Думанның қасына Алтынбектер келіп қарап жатырды. Сол кезде түсініспеушіліктер болып, барлығымыз сасып қалдық.

Бізден үлкен Нүрберген және Салматайлар сол Думанның қасында жүрді, біздер бөлек тұрып не болып қалғанын түсінбей тұрғанымызда бізге қарай Жарқамыстан еріп келген 1995 жылы туылған Арыстан мені келіп «сен ба, пышақтаған» деп менің төсімнен және бетімнен бір бер соққы жасады. Сол арада барлығымыз не істерімізді білмей абдырып жүргенімізде Айсейіт жақтан автокөліктің жарығы біздерге қарай келе жатырған сиықты болды. Сол жарықты көріп, қорқып ауылымызға қарай қашып кеттік.

Содан ауылға келіп ауыл шетінде отырғанымызда Салматай, Нұрберген және Мақсат үшеуі келді. Келген кезде Мақсаттың және Нұрбергеннің көздері көгеріп тұрды, кім ұрды деп сұрағанымызда Мақсат бізге төбелестің кезінде тиген сияқты деді, ал Нұрберген Жарқамыс ауылының тұрғыны Алтынбекпен келіспей қалып, Алтынбек ұрып жіберді дегенді естідім. Осыдан соң барлығымыз үй жағымызға тарап кеттік, тарар кезде болған жағдайды ешкімге айтпайтын болып келісіп кеттік.

Сұрақ: Сіздердің бұрын соңды Жарқамыс ауылының 11 сынып оқушылары (2001 жылғы балдар) араларыңызда ашу араздық бар ма?

Жауап: Жалпы бұрын соңды 2001 жылғы Жарқамыстың балдарымен ашу арздық болды, араздық болғанда болмашы нәрсе. Яғни Бұрын біздердің ініміз болып келетін Арыстанбекке тиісіп боқтаған сол мәселе бойынша реніштеріміз бар, бірақта ол мәселені біздер сөйлесіп татуласқан болатынбыз.

Сұрақ: Бұрын ашу араздық болса Жарқамыс ауылының нақты кімдермен ашу араздықтарыңыз болды барлық балдар ма, я болмаса атап айтасыз ба?

Жауап: Бұрын соңды ашу араздықтарымыз, келіспеушіліктеріміз телефон арқылы дегендей Нұрхан, Қыдырәлі, Думан, Айбар және Бекжан. Бұларды айтып отырған себебім келіспеушілік болса осы бесеуі сөйлесетін. Барлық балдар атынан.

Сұрақ: Төбелеске келген кезде Жарқамыс ауылынан келген үлкен балдар Сіздерді ұрып соқты ма?

Жауап: Келген кезде олар үндегені жоқ,. тек төбелесіп жатырған кезде Думан пышақталып қалды деп төбелесті тоқтатқаннан кейін барып, Арыстан деген 1995 жылы туылған бала неге пышақ алып келдіңдер ма деп мені төсімнен және бет тұсымнан бір рет соққы жасады. Басқа ешкім мені ұрғаны жоқ, ал қалған балдарды ұрып соқты ма мен білмеймін. Мені Арыстанның ұрғаны бойынша арыз талабым жоқ, арыз жазудан бас тартамын. Ол кезде маған ешқандай дене жарақаты келгені жоқ.

Сұрақ: Алтынбектің Нұрбергенді ұрып соққандығын Сіз көрдіңіз ба?

Жауап: Ауылға келіп ауыл шетінде отырғанымызда Салматай, Нұрберген және Мақсат үшеуі келді. Келген кезде Мақсаттың және Нұрбергеннің көздері көгеріп тұрды, кім ұрды деп сұрағанымызда Мақсат төбелестің кезінде тиген сияқты деді, ал Нұрбеген Алтынбекпен келіспей қалып, Алтынбек ұрып жіберді деп айтты.

Сұрақ: Жалпы төбелеске келген кезде Сіздерде қару жарақ болды ма?

Жауап: Ештене болғаны жоқ.

Сұрақ: Осы 27.12.2017 жылы төбелескеннен кейін тағыда Жарқамыс ауылы балдарымен төбелес болды ма, нақты айтан кезде 2001 жылғы балдармен? Қаражар ауылында немесе Жарқамыс ауылына барып дегендей?

Жауап: Бұдан кейін ешкімде төбелескені жоқ.

Сұрақ: Төбелеске нешеде бардыңдар, және үй жағыңызға нешеде қайтыңыздар?

Жауап: Жалпы төбелеске сағат 20:30-дар кезінде шығып, төбелес басталды шамамен 21:15 тер кезінде басталды. Төбелес болғанда ұзақ болғаны жоқ, 4-5 минут жобасында. Содан кейін қашып үй жағымызға кеттік. Мен үйге келген кезде сағат 22:30-дар кезі болды.

Сұрақ: Төбелес кезінде Сіздерді біреуде болмасын ажыратты ма?

Жауап: Ешкім ажыратқаны жоқ, бірақта Нұрберген дауыстан қайдан келгенін білмеймін тоқтатыңдар дегенін естідім, содан кейін ешкім тоқтату сөздер айтқаны жоқ. Бірақта төбелесті біздер Думан пышақталып қалды деген сөзге бола тұрып қалдық.

Сұрақ: Айтасыз ба, сіздердің бұрын соңды Жарқамыс ауылындағы 2001 жылғы балдармен реніштеріңіз бар, бұл реніштеріңіз осы төбелеске қатысы бар ма?

Жауап: Мүлдем қатысы жоқ, себебі біздер өзара бұрын татуласып тастаған болатынбыз.

Сұрақ: Ешқандай қатысы болмасы не себепті төбелесіп отырсыздар?

Жауап: Мен жоғарыда толығымен айтып кеткен болатынмын, қысқаша айтатын болсам Жарқамыс ауылының 1995 жылы туылған Алтынбек келіп төбелес жөнінде айтпаса ешқандай төбелес болмауы керек еді.

Сұрақ: Төбелес кезінде немесе төбелестен кейін сол жердегі балдар бір бірлерін ұрып соқты ма?

Жауап: Төбелес кезінде шын мәнісінде мен көргенім жоқ, себебі мен Нұркелдімен жағаласып жатырдым, ал төбелес біткен соң біздер қашып кеткен болатынбыз.

Сұрақ: Осының алдында берген жауаптарыңызда кей жайыттарды көрсетпей және ашық атпай қалғансыз, ендігі кезде жауаптарыңызда толықтырып отырсыз бұған не себеп болды?

Жауап: Алғашқы жауабымда мен сасқалақтап қорықтым, ойданда айтқан кездерім болды. Бірақта менің қазыргі айтып отырған жауабым толығымен рас.



Заңды өкіл (педагог, психолог)




Жауап алған:

Байғанин АІІБ аға тергеушісі

полиция капитаны Ж.Ж.Шалиев
написать администратору сайта