Главная страница
Навигация по странице:

  • Рахимова Н.Е.

  • Безендендіру

  • Аяужан мен Ақбаян орындауында Ән: « Ұстазым » қабыл алыңыздар Роза

  • Поприветствуем учащихся 4 класса с песней

  • Еркежан: Ендеше ұстаздарды құттықтау сөзін мектебіміздің директорі Қызылова Г.А.-ға береміз Роза

  • Қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналады – А сынып оқушысы Жасмин – би Әміржан

  • Роза: Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.Еркежан

  • Орыс тілі мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ән – шашуіміз арналады. Ақбота, Аяужан және Ақбаянның орындауында ән “ Мектебім сағынышым ” Роза

  • Роза: Осы жалынды сәлемнің иессін барлығымыз қошеметтеп ортаға шақырайық Еркежан

  • «Сұлу» ансамбельдің орындауында би «Шаңырақ» Еркежан

  • 4 сынып оқушылары Айзат пен Аяулым орындауында ән-шашу «Ана тілін сүйеміз» қабыл алыңыздар Роза

  • Еркежан

  • Роза

  • Еркежан

  • Әміржан: Не за горами и лесамиЖивут кудесники сейчас.Они приходят в школу с нами,Вернее, чуть пораньше нас.

  • Мұғалімдер күні

  • Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем

  • мұғалімдер күніне арналған концертік бағдарлама. Малімдер кніне арналан концерттік бадарлама стазым лаатым, лгі негем


    НазваниеМалімдер кніне арналан концерттік бадарлама стазым лаатым, лгі негем
    Дата11.03.2018
    Размер110 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файламұғалімдер күніне арналған концертік бағдарлама.doc.doc
    ТипДокументы
    #50096

    Жарық жалпы орта білім беру мектебі


    Мұғалімдер күніне арналған концерттік бағдарлама

    «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем»

    Жауапты мұғалімдер: Майкенова А.К.

    Рахимова Н.Е.

    Жаденова А.Н.


    2017 – 2018 оқу жылы

    Ұстаздар мерекесіне арналған  «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» - атты мерекелік  жиынның бағдарламасы.

    Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және   келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

    Безендендіру: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.

    Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім 11 сынып оқушылары

    Роза:

    Санасына  шәкірттің,

    Білім нәрін сіңірген.

    Ұстаз алдын  көргендер,

    Заман  көшіне  ергендер.

    Абыройын  асқақтат,

    Орынын  әркез төрден  бер!

    Еркежан:

    Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
    Әміржан:

    Нам не сдержать волнения и радости,
    Слушай нас, Родина! Слушай, Земля!
    Наше приветствие! Здравствуйте!
    Здравствуйте, дорогие учителя!

    Роза:

    Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
    Еркежан:

    Көңілдеріңізді  кірбін шалмасын, жүректеріңіз таза, мөлдір болсын. Арман- тілектеріңіз орындалып,  аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын.

      Аяужан мен Ақбаян орындауында Ән: «Ұстазым» қабыл алыңыздар
    Роза:

    Көпке үлгі өздеріңіз салған даралық

    Бір сіздерден табылады даналық

    Ортамызда аман-есен жүріңіздер

    Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық.

    Әміржан:

    День учителя - праздник скромный,
    Без парадов и без торжеств.
    Только счастлив весь мир огромный,
    Что учитель на свете есть!
    Делать много открытий новых
    Вдохновляете вы детей,
    Мы желаем вам самых добрых,
    Самых ярких и светлых дней!

    Поприветствуем учащихся 4 класса с песней Ұстаздарға арнау
    Роза:

    Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

    Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

    Ұст аз болу – мінездің күн шуағы,

    Азбайтұғын адамның алтындығы –

    деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

    Еркежан:

    Ендеше ұстаздарды құттықтау сөзін мектебіміздің директорі Қызылова Г.А.-ға береміз
    Роза:

    Көңілді күндер тусын алдан әлі

    Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

    Бүгінгі күн сіздерге арналады.

    Енді ән – шашуміз Қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналады

    1. А сынып оқушысы Жасмин – би


    Әміржан:

    Спасибо. В день осенний, когда у порога

    Задышали уже холода,

    Школа празднует день учителя –

    Праздник мудрости, знаний, труда.

    День учителя! Вслушайтесь сердцем

    В эти звуки, что дороги нам.

    Всем, что связанно с юностью, детством

    Мы обязаны учителям!
    Роза:

    Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
    Еркежан:

    Ұстаз деген – жүрегімнің от боп жанған алауы

    Ұстаз деген – өмірімнің мәңгі өшпес жалауы

    Ұстаз деген - Тәңіріміз сыйға берген ұлылық

    Ұлылықты сақтайықшы, ұлы есім ғып мәңгілік, - дей отыра

    Орыс тілі мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ән – шашуіміз арналады. Ақбота, Аяужан және Ақбаянның орындауында ән Мектебім сағынышым

    Роза:

    «Ұстаз» деген ардақты сөз, ұлы есім ғой, бұл есім
    Ұлы есімнің қасиетін есіңе алып жүресің
    Сол ұстаздың көмегімен ойлы қырмен шапқылап,
    Білім деген тұлпарға да сол арқылы мінерсің.
    Шәкірті жоқ ұстаз деген – жапырақсыз теректер
    Ұстазымның шәкірті үшін маңдайымнан ағар тер.
    Біріншіден, ата-анам жетелесе өмірге
    Екіншіден,  ұстазым-ау, өзің болдың себепкер.

    Еркежан:

    Құрметті білім – нәрімен сусынуатқан аяулы да, ардақты ұстаздарымыз. Қаншама жыл сіздермең еңбек етіп, оқушыларымыздың жүрегінен орын таба білген сүйікті ұстазымыз санау Қарағанды қаласынан сіздерге жүрек жарды тілегін сәлем арқылы жіберген. Сол сәлемді қабыл алыңыздар.
    Роза:

    Осы жалынды сәлемнің иессін барлығымыз қошеметтеп ортаға шақырайық

    Еркежан:

    Ұстаз күні – Ұлы күн, Әлем күні,

    Әлемді тебірентер – Ұстаз үні

    Ұстассыз шәкірт жоқ жер бетінде

    Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны, - дей отырып енді ән – шәшуіміз бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады 4-сынып оқушыларының орындауында Хор: “Мектебім” тамашалаңыздар!
    Әміржан:

    Есть много разных праздников хороших,

    И вряд ли мы расскажем в двух словах

    О тех, кто нам, как мама, всех дороже,-

    О наших дорогих учителях!

    И все же День учителя... Два слова,

    Но сколько в них любви и доброты.

    И мудрости, с которою готовы

    Они растить в нас знанья, как цветы!
    Роза:

    Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

    Мұғалімді ардақтайды барша жан

    Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

    Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

    Бала десе ойламайды өз қамын

    Керсем дейді күнге де кол созғанын

    Шәкірттерін өзінен де озғанын.

    Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

    Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

    «Сұлу» ансамбельдің орындауында би «Шаңырақ»
    Еркежан:

    Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

    Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

    Жан бітке жанарына нұр сыйлаған,

    Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

    Келесі ән шашуімізді математика, физика, химия, информатика, биология, география пән мұғалімдеріне арналады.

    4 сынып оқушылары Айзат пен Аяулым орындауында ән-шашу «Ана тілін сүйеміз» қабыл алыңыздар

    Роза: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

    Еркежан: «Ұстазға қарап шәкірт өседі

    Роза: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

    Еркежан: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

    Роза: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

    Еркежан: Мектебімізде 25 жыл, 30 жыл, 35 жыл, 40 жыл еңбек еткен ұстаздарымыздан алынған бейне жазбаға назар аударыңыздар.
    Роза: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.

    Еркежан:Ендігі ән шашуімізді мектеп психолог,тәлімгер, әлеуметтік педагог және іс-жүргізушілерге арналады. «Сұлу» ансамбельдің орындауында Қазақ биі

    Роза:

    Ұстазға әркім басын ию керек,

    Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

    Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

    Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.-

    Әміржан:

    Не за горами и лесами
    Живут кудесники сейчас.
    Они приходят в школу с нами,
    Вернее, чуть пораньше нас.
    Метель ли, снег, шумит ли осень
    В продрогших за ночь деревцах,
    Они приходят и приносят
    Нам солнце в трепетных руках.
    Роза:

    Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

    Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
    Құрметтеген бар адамзат баласы
    Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
    Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
    Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын, - ортаға 11 сынып оқушылары Асем, Еркежан, Роза Денисті шақырамыз.
    Еркежан:

    Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
    Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
    Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
    Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

    Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,
    Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
    Олар шәкірт кеуделерге....

    11 сыныптардың орындауында хор «Ұстазым»
    Әміржан:

    Пусть этот праздничный концерт
    Вам скажет все за нас
    О том, что столько лет
    Мы очень любим вас
    За честность, мудрость, ум, талант,
    За ясность ваших глаз,
    За вашу доброту,
    Столь редкую сейчас.
    И пусть поселятся в семье вашей навечно
    Веселье, удача, друг к другу любовь,
    Желаем вам счастья,
    Здоровья, конечно,
    И умных и добрых учеников



    Роза: Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз да, 20 – 30 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан аяулы ұстаздарымыз бар. Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, 4 сыныптардың орындауында “Қазақ биі”
    Еркежан:

    Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

    Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

    Күнде той бола бермес дәл осындай,

    Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,

    Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

    Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз
    Роза:

    Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

    Тілектермен ұлғайсын мерекеміз

    Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс

    Осымен аяқталды концертіміз.
    Әміржан:

    На этой доброй и веселой ноте, когда Ваши сердца наполнились нежными и искренними словами в адрес друг друга, мы завершаем наш праздничный концерт. Желаем вам терпения и здоровья, удачи и мудрости! С праздником уважаемые педагоги! 
    Еркежан:

    Осымен «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    АНЫҚТАМА

    6 қазанда «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» атты  мерекелік  іс-шара  өткізілді. Мұндағы негізі мақсат: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және   келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу. Ұстаздар күні –  өте жылы, оқушылар өздерін мұғалім рөлінде, ал ұстаздар өздерін оқушылар рөлінде көре алатын күн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің  үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап мектепте 6 – қазан күні толықтай таңертең ұстаздарды қарсалып құттықтаудан бастап, сабақ беру, мерекелік концертке дейін оқушылардың ұйымдастыруымен  өтті.

             Оқушылар таңертең ерте ұстаздарды әсем әуенмен қарсы алып, ұстаздар күнімен құттықтады. Бұл күні мектебімізде өзін – өзі басқару күні деп алынып, барлық сабақтарды 11 сынып оқушылары өткізді. Оқушылар өздеріне тапсырылған сыныптарға сабақ беріп қана қоймай, тәртібін де қадағалауды өз жауапкершіліктеріне алып, ұстаздар күніне арналған концертке дайындады. Қоңырау соғылған соң ұстаз «оқушылар» сабақта отырып, орыс тілі пәнінде жаттығулар жазып, математика пәнінде есептер шығарып, дене шынықтыру пәнінде футбол ойынын ойнап,  сынып сағатында тақырыпқа сай мақалдар, нақыл сөздер айтып, жұмыс жасап отырды.

    Осындай қызықты да әсерлі күн әрі қарай ұстаздарға арналған мерекелік концертпен жалғасты. Концертті 4 және11 сынып оқушылары жүргізді. Оқушылары   белсене  қатысып  өз  өнерлерін  ортаға салды. Біздің мектеп оқушылары тек ән мен биді айтып қана қоймай ұстаздардың көңілдерін бір сергітіп алу мақсатында  түрлі қызықты көріністер көрсетті. Мерекелік концертте ұстаздарға құттықтау сөздері, жылы тілектер оқылып, 4 пен 11 сынып оқушыларының орындауында түрлі бейнелерді бейнелейтін қызықты би және әндер орындалды. Мерекелік іс-шарамыз  көңілді  және қызықты  өтті.
    написать администратору сайта