Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Дамытушылық

  • Қатысушылар

  • Түрі

  • Қолданылған нақыл сөздер

  • Барысы: 1-жүргізуші

  • 2- жүргізуші

  • 1 – бөлім. Таныстыру

  • Ұраны

  • С) Ұраны

  • 2 – бөлім. Викториналық сұрақтар

  • 1 – сұрақтар тобы (Физикалық сұрақтар)

  • 2 – сұрақтар тобы: (Геометриялық)

  • 3 – сұрақтар тобы: (Алгебралық)

  • 3 – бөлім. Физика ғажайыптары.

  • 4 – бөлім. Ойымды жалғастыр..

  • Ғажайып бірлік физикаматематика интеллектуалды ойыны (1). останай аласы кімдігіні білім бліміні С. Муленов атындаы гимназиясы мм. Таырыбы


    Скачать 67.5 Kb.
    Названиеостанай аласы кімдігіні білім бліміні С. Муленов атындаы гимназиясы мм. Таырыбы
    Дата10.03.2018
    Размер67.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаҒажайып бірлік физикаматематика интеллектуалды ойыны (1).doc.doc
    ТипДокументы
    #50086
    страница1 из 2
      1   2

    «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

    С. Мәуленов атындағы гимназиясы» ММ.






    Тақырыбы: «Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойын сабағы

    Мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушылардың физика, математика пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

    2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

    3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

    Қатысушылар:8 сынып оқушылары.

    Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел; физикалық эксперимент құралдары, интерактивті тақта.

    Түрі: физика – математикалық интеллектуалды ойын сабағы

    Типі: Ойын түрінде

    Жоспары: 1. Амандасу, ұйымдастыру, әділ – қазылар алқасын тағайындау.

    Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

    2. Викториналық сұрақтар.

    3. Физика ғажайыптары. (эксперимент жасау)

    4. Ойымды жалғастыр... (мақал-мәтелдер)

    5. Ой сергіту (Сөзжұмбақ сайысы)

    6. Формулалар әлемінде.

    7. Кім шапшаң? сайысы (есептер шығару)

    8. Фигураны қорғау. Қосымша (топ баллдары бірдей болған жағдайда)

    9. Қорытынды.

    Қолданылған нақыл сөздер:

    1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

    (К.Гаусс)

    2. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

    (Р.Бэкон)

    1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

    С.М.Ломоносов
    4. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула»

    С.В.Ковалевская
    5. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

    патшасы»

    К.Гаусс


    1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

    және еңбек».

    М.Искаков
    Барысы:

    1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

    Нақты ғылымдарға қызығушылар.

    Естігенін есте тұтып,

    Оқығанын миға тоқушылар.
    2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

    Айтар ойын тұспалдар.

    Сіз оқытқан окушылардың,

    Сәті келді сыналар.
    1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

    Арасында ойын ойнап жарысамыз.

    Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

    Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
    2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

    Кешімізді біз бастайық,

    Әділ бағаға қалтасы толы,

    Әділқазыларды шақырайық.
    1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

    Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

    шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

    2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

    Нақты білім, терең ой сыналады.

    Баға берер әділқазы ортамызда

    Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
    Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

    1 – бөлім. Таныстыру: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жеребьевкамен өз топтарына атау таңдап, ұранын бірге қосылып, нақты айтулары керек.

    А) Ұраны: Білікті бірді жығар.

    Білімді мыңды жығар.

    Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

    Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

    Алға қойған мақсатымыз бір екен.

    Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

    В) Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

    Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

    Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

    Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

    Білімменен қаруланған тобымыз,

    Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
    С) Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

    Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

    Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

    Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

    Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

    Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
    Әділ – қазылар таныстыруды 3-5 баллмен бағалайды.
    2 – бөлім. Викториналық сұрақтар: Бір топқа алгебралық, геометриялық, физикалық және логикалық сұрақтар қойылады (әр топқа жеке). Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Жауап 10 баллмен бағаланады. Егер орнынан айтатын болса, -5 балл шегеріледі.

    1 – сұрақтар тобы (Физикалық сұрақтар):

    1. Бөлінбейді деген мағынаны білдіретін дененің ең кіші бөлігі? Атом

    2. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? Дене кез – келген бірдей уақыт аралығында бірдей қашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды.

    3. ХБЖ жылдамдық бірлігі? [м/с]

    4. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? v

    5. Конвекция дегеніміз не? Жылудың төменнен жоғарыға берілуі

    6. Тұман қандай буға жатады? Қаныққан бу.

    7. Уақыт қандай құралмен өлшенеді? Сағат
    2 – сұрақтар тобы: (Геометриялық)

    1. Геометрияның негізгі екі бөлімі? Стереометрия және планиметрия

    2. Параллель түзулер дегеніміз не? Жазықтықтағы ортақ нүктелері жоқ екі түзуді параллель түзулер деп атаймыз.

    3. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? Биссектриса

    4. Трапецияның орта сызығы қалай табылады? Екі табанының қосындысының жартысына тең

    5. Сыбайлас бұрыштар...? Қосындысы 1800.

    6. Шаршының ауданы? S=a2

    7. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? Жанама.
    3 – сұрақтар тобы: (Алгебралық)

    1. у=ах2 функциясының графигі? Парабола

    2. Дәреже дегеніміз не? Бірдей өрнектердің көбейтіндісі

    3. Екі өрнектің квадраттарының айырымы? Олардың қосындысының және айырымының көбейтіндісіне тең.

    4. 3 санына кері сан? 1/3

    5. -15 санының квадратының түбірі? 15

    6. ах2+bx+c=0 қандай теңдеу? Квадрат теңдеу.

    7. функциясына А(441; 21) нүктесі жатады ма? ия

    (Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
    3 – бөлім. Физика ғажайыптары. Бұл бөлімде үш топқа да физикалық эксперимент жасауға тапсырма беріледі (карточка арқылы). Сол тапсырманы орындаулары керек. 10 – 50 баллға дейін бағаланады.

    (Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

    Архимед заңы

    Инерция заңы

    Атмосфералық қысым құбылысы
    4 – бөлім. Ойымды жалғастыр..:

    Бұл оқушылардың жылдамдығына арналған тапсырма. Алғаш қолын көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.
      1   2
    написать администратору сайта