Главная страница
Навигация по странице:

  • Курстың академиялық презентациясы Курстың қысқаша сипаттамасы

  • Курстың мақсаты

  • Пререквизиттер

  • Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері).

  • Main and Additional literatures Main literatures

  • Additional literatures

  • 1-МОДУЛЬ: TURBO PASCAL

  • 2-МОДУЛЬ: BORLAND DELPHI

  • С. baishev university aktobe technical faculty


    НазваниеС. baishev university aktobe technical faculty
    Дата27.01.2019
    Размер311 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаSyllabus .doc.doc
    ТипДокументы
    #54463
    страница1 из 3
      1   2   3

    Ф. 4-42
    С.BAISHEV UNIVERSITY AKTOBE

    Technical faculty

    Department of Technical Cybernetics

    Educational program «5B070200Automation and Control»
    SYLLABUS
    On discipline: «Basic algorithms and programming»


    Academic year: 2018-2019

    Form of education: Full-time tuition

    Course: 1

    Семестр: 1

    All credit: 3

    All credit of ECTS: 5

    Total hours: 135

    from them:

    Lecture (hours) 15

    Practical subjects (hours) 15

    Seminar subjects (hours) ___

    LaboratoryPractical subjects (hours) 15

    Self-contained work of the student (hours) 90

    (from themSelf-contained work of the student with the teacher (hours) 15

    Final control: examination
    Syllabus was made at the educational-methodical council of the Baishev University on the basis of the approved curriculum on the subject " Basic algorithms and programming " ( Minutes No. 1, 2018)


    Аktobe, 2018 y.

    Data on teacher:

    Cand.Eng.Sci, docent Kazbekova Gulnur Nagimetovna

    Contact information:он: 87752130711, e-mail: G_kazbekova@mail.ru
    Курстың академиялық презентациясы
    Курстың қысқаша сипаттамасы: Программалау тілдерінің ішінде қазіргі кезде кең танымал тіл- Turbo Pascal және оның объектілі – бағдарлы кеңейтілімі Delphi программалау тілдері. Turbo Pascal - оқып үйренуге жеңіл, түрлі салалық ақпаратпен жұмыс істеуде нәтижелі, мүмкіндігі мол алгоритм құрылымы сақталып жасалған құрылымдық программалау тілі, ал Delphi заманауи Windows қосымшалар құруға арналған объектілі- бағдарлы программалау (ОБП) тілі болып саналады.

    Курс екі модульдан тұрады. Бірінше модульде Pascal тілінің негізі, тілдің негізгі операторлары, құрылымдық типтер, CRT модулі, Pascal графикасы тарауларынан тұрады. Әр тарауда негізгі ұғымдардың анықтамасы беріліп, командалардың жазылу үлгісі жазылып және оларды қолдануға мысалдар мен жаттығулар қарастырылған. Құрылымдық типтер тарауында массив, жиын, жазу және файлмен жұмыс істеу операторлары жан- жақты қарастырылады. Қолданушыға Pascal -дың мәтіндік режиміндегі экран мен пернетақтаны басқаратын, дыбыстық мүмкіндікті жүзеге асыратын CRT модулінің операторларымен танысып, графиктік режим операторларын оқып үйрену мүмкіндігі қарастырылған. Функция графигін салудың Pascal тілінде прогрмамасы қарастырылған. Паскальдың графиктік операторларын қолдануға берілген студенттердің шығармашылық жұмыстарынан үзінділер келтірілген. Құрылымдық программалау тілдеріне қарағанда Delphi ОБП тілінде жасалған программалар студенттердің қызығушылығын туғызып, программалауға деген құлшынысын арттырады. Күнделікті өздері қолданып жүрген Windows қосымшаларды жасау (мысалы, Калькулятор, Блокнот т.б.) студенттердің өз іс-әрекетіне деген сенімділігін туғызып, оларды өз бетінділікке, шығармашылыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, студенттер Delphi ОБП құралдарын қолданып, пернетақталық жаттықтырғыш, әртүрлі тестілеу және үйретуші программаларды жасауға үйренеді. Қазіргі кезде түрлі жобалардың интерфейстері, оқыту программалары және электрондық оқулықтар Delphi ОБП тілінің құралдарын қолданып жасалынады. Курстың екінші модульінде Delphi ортасында қолданбалы программалар жасау негіздері, Delphi-дің жиі қолданылатын компоненттері, Object Pascal тілінің негізгі командалары т.с.с қарастырылған. Delphi-дің графикалық және мультимедиалық мүмкіндіктері, Delphi-де деректер қоймасымен жұмыс, функция графигін салу сияқты сервистік мүмкіндіктермен толықтырылған. Әр тараудың тақырыптары бойынша қысқаша теориялық материал берілген. Әр тақырыптың соңында практикалық мысалдар қарастырылып, олардың Delphi тіліндегі программасы беріліп, жобаны орындату нәтижесінің интерфейсі көрсетілген. Әрбір тақырыптан соң қолданушының өз бетімен практикалық тапсырмалар орындауына жаттығулар берілген..

    Курстың мақсаты студенттерге алгоритм ұғымын терең жеткіе отырып, бағдарламалау тілдері Паскаль және DELPHI-де бағдарламалар құруға үйретіп, оны практика және лабораториялық сабақтарда компьютерде жүзеге асыруға дағдыландыру.

    Курстың міндеттері:

    • студенттерге акдараттык; технологиялар непздері уйрету,

    • логикальқ - курылымдьқ ойлау кабілеттерін дамыту,

    • акдараттык технологияны өзіндік даму мен оны іке асыру куралы ретінде пайдалану дағдыларын калыптастырып, акдараттық қоғамға бейімдеу.


    Пререквизиттер: Алгебра, геометрия, математика (мектеп бағдарламалары), Шетел тілі,Математика-1, Инженерлік графика

    Постреквизиттер: Схемотехника, Сандық техника, Микроэлектроника
    Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері). Пәнді оқу нәтижесінде студент келесі құзыреттіліктерге ие болады:

    1. түсінуі және білуі: бағдарламалаудың негізгі заңдары мен әдістерін білуге;

    2. түсінгені мен білгенін қолдану: Паскаль және Delphi бағдарламалау отасымен жұмыс жасауға;

    3. пікірлерін жеткізуі: құрылған бағдарламалардың жұмыс жасау және орындау принциптерін ауызша түсіндіре білуге;

    4. коммуникативті дағдылары: бағдарламалау орталарында еркін программалар құруға;

    5. оқу дағдылары: Бағдарламалау тілдері туралы оқулықтарды және инернет ресурстарын пайдалануды үйренуге тиісті.


    Main and Additional literatures

    Main literatures:

    1. Абрамов, В.Г. Введение в язык Паскаль / В.Г. Абрамов, Н.П. Трифонов, и др.. - М.: Наука, 2011. - 320 c.

    2. Епанешников, А.М. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0 / А.М. Епанешников, В.А. Епанешников. - М.: ДИАЛОГ-МИФИ; Издание 4-е, испр., 2014. - 367 c.

    3. Культин, Н.Б. Turbo Pascal в задачах и примерах / Н.Б. Культин. - М.: БХВ, 2011. - 256 c.

    4. Павловская, Т.А. Паскаль. Программирование на языке высокого уровня / Т.А. Павловская. - М.: СПб: Питер, 2010. - 393 c.

    5. Павловская, Т.А. Паскаль. Программирование на языке высокого уровня / Т.А. Павловская. - М.: СПб: Питер, 2012. - 393 c.

    6. Поддубная, Л.М. Мне нравится Паскаль / Л.М. Поддубная, В.Ф. Шаньгин. - М.: Радио и связь, 2015. - 160 c.

    7. Семашко, Г.Л. Программирование на языке Паскаль / Г.Л. Семашко, А.И. Салтыков. - М.: Наука, 2011. - 128 c.

    8. Фаронов, В.В. Turbo Pascal 7.0. Учебное пособие / В.В. Фаронов. - М.: Нолидж, 2012. - 211 c.

    9. Фаронов, В.В. Программирование в среде Turbo-Pascal 5.05 / В.В. Фаронов. - Москва: Гостехиздат, 2010. - 440 c.

    10. Форсайт, Р. Паскаль для всех / Р. Форсайт. - М.: Машиностроение, 2016. - 288 c.
    Additional literatures:

    1. https://github.com/MuminjonGuru/Object-Pascal-Basics-Algorithms/tree/master/Beginner

    2. http://www.pascal-programming.info/

    3. http://www.pascal-central.com/ppl/



    Курстың академиялық саясаты

    Студент барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаған студент өтілмеген материалды өзбетінше игеруге міндетті.

    Студент бақылау тапсырмаларын орындауға және бекітілген мерзімде тапсыруға міндетті. Мерзімінен кеш тапсырылған бақылау жұмыстарының бағасы төмендетіледі.

    Рубеждік бақылау қорытындысы шығарылғанда студенттің сабақтарға қатысымы, өзіндік жұмыстарды орындауы және бекітілген мерзімде тапсыруы, сабақтардағы ауызша және жазбаша жауаптары, рубеждік бақылау жұмысының нәтижесі ескеріледі.

    Студент науқастануына байланысты немесе басқа дәлелді себептермен сабақтарға қатыспай, рубеждік бақылауды мерзімінде тапсыра аламаса, дәлел құжаттар негізінде жеке тапсыру құқығына ие болады. Мұндай жағдайда ұсынылған дәлел құжаттар негізінде рубеждік бақылау мерзімі студент үшін жеке бекітіледі.

    Студент сабаққа уақытында келуі тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студентті оқытушының сабаққа кіргізбеу құқы бар.

    Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірілуі тиіс.

    Мүмкіндігі шектеулі студенттер е-mail арқылы пән оқытушыларынан консультация, әдістемелік көмек алуына болады.
    КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР







    Тақырып атауы



    Апта

    Аудиториялық сабақтар (сағат көлемі)

    Өзіндік жұмыс (сағат көлемі)

    Дәріс

    (сағ)

    Практикалық сабақтар

    (сағ)

    Зертханалық сабақтар (сағ)

    ОСӨЖ

    (сағ)

    СӨЖ

    (сағ)




    1-МОДУЛЬ: TURBO PASCAL

    1

    Turbo Pascal тілінің негізі

    1

    1

    1

    1

    1

    5

    2

    Паскаль Тілінің Опера-торлары. Шартты және таңдау операторлары

    2

    1

    1

    1

    1

    5

    3

    Цикл операторы

    3

    1

    1

    1

    1

    5

    4

    Символдық айнымалыларды түрлендіру операторлары

    4

    1

    1

    1

    1

    5

    5

    Процедура және функция

    5

    1

    1

    1

    1

    5

    6

    Құрылымдық типтер. Массив

    6

    1

    1

    1

    1

    5

    7

    Жиын. Жиынға қолданылатын операциялар. Жазба. Файл

    7

    1

    1

    1

    1

    5

    8

    Модульдер. Crt модулі. Паскаль тіліндегі графика

    8

    1

    1

    1

    1

    5




    2-МОДУЛЬ: BORLAND DELPHI

    9

    Delphi- де қолданбалы программалар жасау негіздері

    9

    1

    1

    1

    1

    5

    10

    Delphi-дің стандарт парағының компоненттері

    10

    1

    1

    1

    1

    5

    11

    Delphi-дің additional парағының компоненттері

    11

    1

    1

    1

    1

    5

    12

    Delphi-дің win32 парағының компоненттері

    12

    1

    1

    1

    1

    5

    13

    System парағының компоненттері

    13

    1

    1

    1

    1

    5

    14

    Delphi- де деректер қоймасымен жұмыс

    14

    1

    1

    1

    1

    5

    15

    Delphi тіліндегі графика

    15

    1

    1

    1

    1

    5




    Барлығы




    15

    15

    15

    15

    75



    КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ

    1-МОДУЛЬ: Механика және молекулалық физика
    1-ТАҚЫРЫП. Turbo Pascal тілінің негізі

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Паскаль программалау тіліне кіріспе.

    2. Паскаль тілінің алфавиті. Деректер типтер

    3. Стандарт функциялар. Өрнектер

    4. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы


    Практикалық сабақ жоспары ( _1_сағ)

    1. Стандартты функциялар

    2. Паскаль тілінде арифметикалық өрнектердің жазылуы

    3. Дәрежелеу амалдары

    4. Паскаль тілінде есептер шығару


    Зертханалық сабақ жоспары ( _1_сағ)

    1. Паскаль тілін жұмысқа қосу

    2. Менюмен, терезелермен жұмыс

    3. Паскаль ортасымен жұмыс



    ОСӨЖ арналған тапсырмалар ( _1_сағ)

    Математикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазып, айнымалылар типін анықтау
    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    2-ТАҚЫРЫП. Паскаль тілінің операторлары. Шартты және таңдау операторлары

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Меншіктеу, мәліметтерді енгізу, шығару операторлары. Сызықтық программа

    2. Шартты оператор

    3. Таңдау операторы


    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Программа құрылымы

    2. Сызықты программа

    3. Шартты операторлар және олардың жазылуы

    4. Құрама шарт және олардың жазылуы


    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Паскаль тілінде берілген есептер бойынша сызықты программалар құру
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( 1 сағ)

    Паскаль тілінде программа құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?

    2. Программаның сипаттау бөлімі қандай бөлімдерден тұрады?

    3. Сызықтық программа деген не?

    4. Шартты операторлардың формалары және олардың жазылу үлгілері қандай?

    5. Құрама шарт деген не, олар қалай жазылады ?

    6. Құрама оператор деген не және олардың жазылуы қандай?

    7. Қабырғалары a,b,c сандарына тең үшбұрыш болудың шарты қандай?

    8. Шартты және таңдау операторының айырмашылығы қандай?

    9. Таңдау операторының құрылымы қандай?

    10. Таңдау шарты қандай типті мәндерді қабылдамайды?

    11. Таңдау операторы қалай жұмыс істейді ?

    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    3-ТАҚЫРЫП. ЦИКЛ операторы

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Қайталау операторы (цикл)

    2. Циклді басқарудың Break және Сontinue операторлары

    3. Goto операторы

    4. Кездейсоқ сандарды шығарудың Random функциясы
    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Циклдық операторларға қатысты программалар құру

    2. Параметрлі циклдарға қатысты есептер шығару

    3. Brear, Continue операторларына қатысты есептер шығару

    4. Бір-біріне кіріктірілген цикл


    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Циклдық операторларға Паскаль ортасында есептер шығару (вариант бойынша).
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( _1_ сағ)

    1. Цикл операторы қандай жағдайда қолданылады?

    2. Паскаль тілінде циклді ұйымдастырудың қандай тәсілдері бар?

    3. Параметрлі циклдің құрылымы, ерекшелігі қандай?

    4. Әзір циклінің құрылымы қандай?

    5. Дейін циклінің құрылымы қандай?

    6. Әзір және Дейін циклдерінің айырмашылығы неде?

    7. Параметрлі циклді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

    8. Brear, Continue операторлары қандай қызмет атқарады? Мысал келтір.

    9. Қадамы -1 –ге тең кері цикл қалай ұйымдастырылады?

    10. Бір- біріне кіріктірілген цикл деген не? Мысал келтір.

    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    4-ТАҚЫРЫП. Символдық айнымалыларды түрлендіру операторлары

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Символдық (жолдық) айнымалылар

    2. Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары

    3. Символдық айнымалылырды түрлендірудің стандарт процедуралары


    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Символдық айнымалылар

    2. Символдық айнымалыларға қолданылатын стандартты функциялар

    3. Символдық айнымалыларға қолданылатын стандартты процедуралар

    4. ASCII коды


    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Символдық айнымалыларға Паскаль ортасында есептер шығару (вариант бойынша).
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( 1 сағ)

    Символдық айнымалы деген не?

    2. Символдық айнымалының ұзындығы деген не?

    3. Паскальда символдық айнымалының максимал ұзындығы неге тең?

    4. Символдық айнымалыларға қандай стандарт функциялар қолданылады?

    5. Символдық айнымалыларға қандай стандарт процедуралар қолданылады?

    6. Символдық айнымалылар қалай сипатталады?

    7. Символдық айнымалылар қалай салыстырылады?

    8. ASCII коды деген не? Ол қандай аралықта беріледі?

    9. Символдық айнымалыдан символ қиып алу қалай жүзеге асырылады?

    10. Символдық айнымалы жадыда қалай нөмірленеді?

    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    5-ТАҚЫРЫП. Процедура және функция.

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Процедура

    2. Функция


    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Ішкі программа

    2. Процедура мен функцияны шақыру операторлары

    3. Формальды параметр

    4. Рекурция


    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Процедура және функция тақырыбына сәйкес әдістемелік нұсқау бойынша Паскаль ортасында программа құру
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( 1 сағ)

    1. Ішкі программа не үшін қолданылады?

    2. Паскальда ішкі программаның қандай түрлері бар?

    3. Процедураның жалпы түрі қалай жазылады?

    4. Функцияның жалпы түрі қалай жазылады?

    5. Негізгі программада процедура мен функцияны шақыру операторлары қалай жазылады?

    6. Формальды параметр деген не?

    7. Нақты параметр деген не?

    8. Жергілікті айнымалы деген не?

    9. Функция мен процедураның қандай ұқсастығы бар және айырмашылығы қандай?

    10. Рекурсия деген не?

    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    6-ТАҚЫРЫП. Құрылымдық типтер. Массив

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Бір өлшемді массив

    2. Екі өлшемді массив (матрица)


    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Құрылымдық типтер

    2. Массив, оның элементі мен индексінің типі

    3. Бір өлшемді массив

    4. Екі өлшемді массив

    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Массив тақырыбына сәйкес әдістемелік нұсқау бойынша Паскаль ортасында программа құру
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( 1 сағ)

    1. Паскальда қандай құрылымдық типтер бар?

    2. Массив деген не? Массивтің қандай түрлері бар?

    3. Паскальда массив қалай сипатталады?

    4. Массивтің элементі мен индексінің типі қандай болады?

    5. Бір өлшемді массивті енгізу және шығару қалай жүзеге асады?

    6. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементін табу алгоритмі қандай?

    7. Массив элементтерін көпіршік әдісімен реттеу алгоритмі қандай?

    8. Екі өлшемді массивті енгізу және шығару қалай жүзеге асады?

    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    7-ТАҚЫРЫП. Жиын. Жиынға қолданылатын операциялар

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Жиын түсінігі

    2. Жиынға қолданылатын операциялар

    3. Жазбалар

    4. WITH операторы

    5. Файл. Файлмен жұмыс істеу командалары


    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Жиын

    2. Эквивалент жиын

    3. Жиынның базалық типі

    4. Жиынға тиістілікті тексеру операциясы

    5. Жазба. Файл


    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Жиын тақырыбына сәйкес әдістемелік нұсқау бойынша Паскаль ортасында программа құру
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( 1 сағ)

    1. Жиын деген не?

    2. Жиынның құрылымдық тип- массивтен айырмашылығы қандай?

    3. Жиын программада қалай сипатталады?

    4. Эквивалент жиын деген не?

    5. Бос жиын деген не? Ол қалай белгіленеді?

    6. Жиынның базалық типі деген не?

    7. Жиындардың бірігуі, қиылысуы, айырмасы деген не?

    8. Жиынға қандай қатынас операциялары қолданылады? Мысал келтір.

    9. Жиынға тиістілікті тексеру операциясы қандай?

    10. Include, Exclude процедураларының жазылуы, қызметі қандай?

    11. Жазбаның кез- келген элементі қалай көрсетіледі?

    12. With операторы не үшін қолданылады? Оның жалпы жазылуы қандай?

    13. Жазба элементтері Паскальда компьютерге қалай енгізіледі?
    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
    8-ТАҚЫРЫП. Модульдер. Crt модулі. Паскаль тіліндегі графика

    Дәріс жоспары ( 1 сағ)

    1. Модуль түсінігі. Стандарт модульдер

    2. CRT модулі. Мәтіндік режимді басқару процедуралары мен функциялары

    3. Мәтіндік режимдегі координата. Түстерді басқару

    4. Дыбысты басқару процедуралары

    5. Графиктік операторлар

    6. Облысты бояу

    7. Графиктік режимде экранда мәтін шығару

    8. Паскаль тілінде функция графигін салу


    Практикалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    1. Бейнемонитор түрлері

    2. Мәтіндік режим

    3. Мәтін анимациясы

    4. Графиктік режим

    5. Қаріп стилі


    Зертханалық сабақ жоспары ( 1 сағ)

    Модульдер. Crt модулі. Паскаль тіліндегі графика тақырыптарына сәйкес әдістемелік нұсқау бойынша есептерді компьютерге салу
    ОжСӨЖ арналған бақылау сұрақтары ( 1 сағ)

    1. Компьютерде қандай бейнемонитор түрлері бар? Бейнеадаптер деген не?

    2. Жаңа мәтіндік режим қалай орнатылады?

    3. Қандай стандарт мәтіндік режимдер тұрақтылары анықталған?

    4. LastMode операторының қызметі?

    5. Экранды тазарту, кідіріс қою қалай жүзеге асырылады?

    6. Delay(t) процедурасында t- ның мәні немен өлшенеді және қандай аралықта болады?

    7. ReadKey процедурасының қызметі қандай?

    8. Курсорды мәтіндік экранда орналастыру процедурасы қандай?

    9. Мәтіндік режимде символды, фонды бояу үшін қандай процедуралар қолданылады?

    10.Графиктік режимді қосу қалай жүзеге асырылады?

    11. Кескін, фон түстерін орнату процедурасы қандай?

    12. Нүкте, кесінді, тіктөртбұрыш салу процедуралары қалай жазылады?

    13. Шеңбер, эллипс, доға салу процедуралары қалай жазылады?

    14. Тұйық облысты бояу үшін қандай процедуралар қолданылады?

    Ұсынылатын әдебиеттер №:1-10, Интернет ресурстар
      1   2   3
    написать администратору сайта