Главная страница
Навигация по странице:

  • СЕЙФУЛЛИН Ж.Т., СЕЙТХАМЗИНА Г.Ж., НЮСУПОВА Г.Н.

  • Алматы, 2011 Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж., Нюсупова Г.Н. Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу

  • Молдашев А.Б., экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚАША академигі.

  • Окулык. жу.тіркеу.есепке алу. Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н


    Скачать 0.97 Mb.
    НазваниеСейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н
    АнкорОкулык. жу.тіркеу.есепке алу.doc
    Дата16.03.2019
    Размер0.97 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаОкулык. жу.тіркеу.есепке алу.doc
    ТипДокументы
    #28238
    страница1 из 17
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

    БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

    МИНИСТРЛІГІ

    Аль – Фарабі атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

    География және қоршаған ортаны пайдалану

    факультеті

    СЕЙФУЛЛИН Ж.Т., СЕЙТХАМЗИНА Г.Ж., НЮСУПОВА Г.Н.

    ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ТІРКЕУ

    ЖӘНЕ ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ
    Электрондық оқу құралы

    Алматы, 2011

    Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж., Нюсупова Г.Н. Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу (Оқулық) – Алматы: 2011 – 179 бет.
    «Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу« оқулығы бакалаврдың 050903, 050907 Жерге орналастыру және кадастрң мамандығы бойынша мемлекеттік стандартқа және типтік оқу бағдарламаға сәйкес дайындалған және республикада тұңғыш рет шығарылып отыр. Оқулықта Қазақстандағы жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық даму негіздері, жер реформасының жүйелілігі мен мазмұны, республика жер қорының құрамы мен жағдайы туралы айтылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жер кадастры жаңа автоматтырылған жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері баяндалады. Қазіргі заманғы нарықтық жағдайда жерді есептеу, кадастрлық аймақтау, бағалау, салық салу және жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу мен мемлекеттік жылдық жер есебін дайындаулар әдістері, автоматтырылған жаңа қүрылыпжатқан жер кадастрдың жүйесінің мақсаттары мен мәселелері, объектісі, принциптері және құрамды бөліктері, баяндалған. Жер нарқының құрылуына, жер учаскелерімен нарықтық операциялар жүргізуге үлкен орын бөлінген.
    Пікір білдірушілер:

    Молдашев А.Б., экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚАША академигі.

    Сулейменов Ж.Ж.,экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰАУ.

    Оқу құралды ұсынған: - география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы – 22.08.2011 номір 1 отырысы. – география және қоршаған ортаны пайдалану факультетінің Кенесі – 22.08.2011 ж.номір 1 отырысы.

    МАЗМУНЫ




    Кіріспе

    6

    1

    1-тарау. Жер кадастрінің теориялық негіздері

    9

    2

    1.1. Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны

    9

    3

    1.2. Қазақстан Республикасында жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы, түрлері, принциптері

    16

    4

    1.3. Жер кадастрының халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлерімен және жерді үйлестірумен байланысы

    29

    5

    1.4. Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы

    33

    6

    2-тарау. Жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу. Жерді есепке алу.

    38

    7

    2.1.Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті

    38

    8

    2.2. Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы, түрлері мен әдістері

    44

    9

    2.3. Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу

    60

    10

    3-тарау - жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу, және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру

    65

    11

    3.1. Жер учаскелерін тіркеу мен жерледі есепке алу, есеп беруді құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру

    67

    12

    3.2 Жер кадастры автоматтындырған ақпараттық жүйесін қалыптастыру

    73

    13

    4-тарау. Қазақстан республикасының жер қоры

    86

    14

    4.1 Жер қорының санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы

    86

    15

    4.2 Жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі

    94

    16

    4.3 Жерді есепке алудағы кадастрлық мәліметтерді алу, өндеу және талдау әдістерінің жаңа технологиясы

    97

    17

    5.- тарау. Қазақстан Республикасында жерге меншіктіктің көп түрлілігіне көшу, жер реформасының дамуы мен ерекшеліктері

    113

    18

    6-тарау.топырақтарды бонитеттеу және ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

    157

    19

    6.1. Топырақтарды бонитеттеу

    157

    20

    6.2.Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау

    164

    21

    1 – Қосымша - Терминдердің түсінігі

    176

    22

    Қолданған әдебиеттер

    179


    КІРІСПЕ
    Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112,2 млн га/, шөлейт /37,3 млн га/ және дала /62,4 млн га/ аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері, 4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.

    Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді.

    1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, Республика Конституциясында /1995ж./ мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік еңгізілді. "Жер туралы" /1995ж./ Президент Жарлығында мемлекеттік және жерге жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілген.

    Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Кәзіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.

    «Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу« пәнінің типтік оқу багдарламасы бойынша: студент осы пәнді оқып мынадай тақырыптарды білу керек - Кенес мемлекетінің уақытында Қазақстанда, Ресейде және басқа мемлекеттерде жер кадастрының даму тарихын, жер кадастрдың, жер учаскелердін мемлекеттик тіркеу және жерді есепке алу жумыстардың негізін, мемлекеттік жер кадастрдың басқа пәндермен және ғылымның салаларымен байланысын.

    Пәнді оқығыннан кейін студент мынадай білім алу керек: жер учаскелерді мемлекеттік тіркеуының процессін, негізгі және күнділікті жер есебін жүргізуының әдістерін, оған қолданатын күжаттарды, олардың толтыру әдістерін және ол жумыстарды компьютерлік технологиямен жасауын, жиналған мәліметтерді зерттеу, талдау, және сақтауын қарастыру мен жылдық ауданның (облыстын) мемлекеттік жер есебін (балансын) жасауды үйрену.

    Бул, жер кадастрлық жумыстарды жақсы уғу үшін студент жаңа әдістер мен технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды жақсы менгеру керек. Сонда ғана оқушы, бакалавр дипломын алғанда, мемлекеттік көп функционалдық ақпараттық жер кадастры жүйесін менгеріп жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және жерді есепке алу жумыстарын жақсы денгейде жаса алатын болады.

    Жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу және жерді есепке алу пәнді жақсы менгеру үшин студент мынадай пәндерді білу керек: топырақ тану, геодезия, жер қуқығы, картография, информатика, жерге орналастыру жэне жалпы жер кадастрын.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
    написать администратору сайта