Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындалатын тапсырманың қысқаша теориялық негіздері Өзара ауыстырымдылық

  • Сурет 1 – Саңылаулы қондырмадағы тесік пен біліктің шақтамалары

  • ӨЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҚ. ПИиСИ 1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖУМЫС. 1 зертханалы жумыс ондыру жйесін тадау, саылауларды, кергіштерді есептеу жмысты масаты


    Скачать 129.71 Kb.
    Название1 зертханалы жумыс ондыру жйесін тадау, саылауларды, кергіштерді есептеу жмысты масаты
    АнкорӨЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҚ
    Дата15.09.2020
    Размер129.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПИиСИ 1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖУМЫС.docx
    ТипДокументы
    #62099
    страница1 из 4

    С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: OMD_kovka_VBT-10.pdf.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: ПИиСИ 1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖУМЫС.docx
      1   2   3   4

    1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖУМЫС
    ҚОНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ, САҢЫЛАУЛАРДЫ, КЕРГІШТЕРДІ ЕСЕПТЕУ
    Жұмыстың мақсаты: бөлшектерді біріктіру үшін қондыру түрін анықтау.
    Орындалатын тапсырманың қысқаша теориялық негіздері
    Өзара ауыстырымдылық деп бiр-бiрiне байланыссыз жасалған бұйымдардың қосымша өңдеудi қажет етпей, өз орындарына қондырылып, машинаның сапалы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету қасиетiн айтады.

    Немесе

    Бiр бұйымның дәл сондай бiр талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның орнына пайдалануға жарамдылығын өзара ауыстырымдылық деп айтады.

    Бұйымдардың өзара ауыстырымды болуы, машиналарды жөндеу, құрастыру және ажырату жұмыстарын жеңiлдетедi және тездетедi, өндiрiстi жаппай автоматтандыруға жол ашады. Сондықтан өзара ауыстырымдылық принципi – бүгiнгi күн талаптарына сай бұйымдарды көптеп шығаратын өндiрiстердiң негiзi болып табылады.

    Өзара ауыстырымдылықтың түрлері:

    • толық,

    • толық емес (шектелген),

    • сыртқы,

    • iшкi,

    • функциональды.

    Белгiлi бiр дәлдiкпен, бiр-бiрiнен байланыссыз жасалынған бiр типтi тетiкбөлшектердiң қосымша өңдеудi қажет етпей өз орнына қондырылуы толық өзара ауыстырымдылық деп аталады.

    Толық емес өзара ауыстырымдылықта тетiкбөлшектер белгiлi бiр геометриялық өлшемдерiне қарай бiрнеше топқа бөлiнiп, сортталады да, жинаған кезде барлық бөлшек емес, тек қана белгiлi бiр топтағы тетiкбөлшектер қолданылады.

    Сатып және алмастырылып алынған бұйымдардың өзара ауыстырымдылығы сыртқы өзара ауыстырымдылық деп аталады.

    Бұйымға кiретiн жекелеген бөлшектер мен механизмдердiң өзара ауыстырымдылығы iшкi өзара ауыстырымдылық деп аталады.

    Функциональдық өзара ауыстырымдылықта машинаның қолданылу көрсеткiшiне әсер ететiн геометриялық өлшемнен басқа, механикалық, электромагниттiк және т.б. қасиеттер қарастырылады. Бұл өзара ауыстырымдылықтың түрлері геометриялық параметрлері, яғни өлшемдері бойынша анықталады.

    Сонымен бiрге функциональды өзара ауыстырымдылықта өте жиі қолданылады.

    Геометриялық параметрлері бойынша өзара ауыстырымдылық функциональды өзара ауыстырымдылықтың жеке түрі болып есептеледі.

    Функциональды өзара ауыстырымдылық тек қана толықтай, ал геометриялық – толықтай да, шектелген де болуы мүмкін.

    Тетiкбөлшектер мен құрастырылған бұйымдарды өзара ауыстыру үшiн олардың өлшемдерi белгiлi бiр аралықта болулары керек. Сондықтан өлшемдерге байланысты негiзгi терминдердi қарастырамыз.

    Өлшемдердің мынадай түрлері кездеседі:

    1. Номинал өлшем;

    2. Шекті өлшем;

    3. Нақты өлшем.

    Бұйымның атқаратын мiндетiне байланысты есептеуден туатын, сызбада көрсетiлетiн негiзгi өлшемдiноминал өлшемдеп атайды, немесе

    Шектi өлшемдердi анықтайтын және ауытқудың басты есебi болып табылатын өлшем.

    Номинал өлшемді Dннемесе dндеп белгілеуге болады.

    Құрастырылған екi тетiкбөлшек үшiн олардың тесiгi мен бiлiгiне ортақ өлшемдi бiрiктiрудiң номинал өлшемi дейдi.

    Бiрiктiрудiң номинал өлшемдерiн керектi сандар қатарынан алуға болады.

    Дайын болған бұйымды мүмкiндiгiнше жоғары дәлдiкпен өлшеудiң нәтижесiнде алынған өлшемдiнақты өлшемдепатайды.

    Ол номинал өлшемнен өзге болады.

    Шектi өлшемдердеп номинал өлшем олардың аралығында болатын өлшемнiң шеткi екi мәнiн айтады.

    Егер бұйымның нақты өлшемi шектi өлшемдердiң аралығында болмаса, онда ол ақауы бар бұйым болғандықтан, жұмысқа жарамсыз деп табылады.

    Ең үлкен шектi өлшемдерi DMAX, dMAX және ең кiшi шектi өлшемдердi DMIN, dMIN әрiптерiмен белгiлеймiз. Шартты түрде үлкен әріппен тесікті, кіші әріппен білікті белгілейміз. Сонда ауытқудың да екi түрi болатынын көремiз (сурет 1).


    Сурет 1 – Саңылаулы қондырмадағы тесік пен біліктің шақтамалары



    Нақты және номинал өлшемдердiң айырымын өлшемнiң ауытқуы дейді.
    Нақты өлшем номинал өлшемнен үлкен болса, ауытқуды оң, ал кiшi

    болса, ауытқуды терiс дейдi.

    Жоғарғы шектi ауытқу деп ең үлкен шектi өлшем мен номинал өлшемнiң айырмасын айтамыз.

    ES=Dmax Dн (1);
    es=dmax–Dн (2)
    Төменгi шектi ауытқу деп ең кiшi шектi өлшем мен номинал өлшемнiң айырмасын айтамыз
    EI=Dmin Dн (3);
    ei=dmin – Dн (4)

      1   2   3   4


    написать администратору сайта