Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІ. «ҚАЗАҚСТАН - КАСПИЙШЕЛЬФ» ЖШС-Ң ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ

  • 2.2 «Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебінің ұйымдастырылуы

  • Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • 3 І. Дебиторлы арыздар жніндегі тсінік жне оларды жіктелуі


    Скачать 199.5 Kb.
    Название3 І. Дебиторлы арыздар жніндегі тсінік жне оларды жіктелуі
    АнкорKursavoy_123.doc
    Дата16.03.2019
    Размер199.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаKursavoy_123.doc
    ТипДокументы
    #28253
    страница3 из 3
    1   2   3

    1.8 Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі

    Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген қарыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде етелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып есептелінеді. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғыңда дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.

    Егер де шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша бағаланса және солармен байланысты шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде жатқызылса, онда қүдікті қарыздар болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде анықталуы мүмкін және ол 1290 "Күдікті қарыздар бойынша резервтері деген пассивтік шотында керініс табады.

    Қаржылық есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша резервтері шегеріліп көрсетіледі. Егер де шаруашылықтар бұндай резерв қорларын жасамаса, онда сенімсіз деп танылған қарыздар кезендік шығыстарына есептен шығарылады.

    «3-Энергоорталық» АҚ-да күдікті (күмәнді) қарызды есептеу үшін өзінің есептік саясатында қолданып жүрген бағалаудың бір тәсілін таңдап алуға құқылы. Ол тәсіл сатылған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің пайыздық деңгейінен немесе төлемнің мерзімі бойынша анықталуы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ өзінің жылдық нәтижесіңце пайда болған күмәнді қарыздарын, теленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесін шартты түрде төрт кезеңге беліп, әрбір кезеңде сатылған өнімнің келемін және соларға тиесілі қарыздарын анықтайды.

    Мысалы, жыл бойында сатылған өнімнің көлемі 3128,4 мың теңге болсын делік. Енді осы сатылған өнімді төрт кезеңге бөліп, күмәнді қарыздың деңгейі қай кезеңге көбірек келетіндігін анықтаймыз.

    Келтірілген мәліметтердің көрсеткішінен біз күмәнді қарыздың резерві 82,59 мың теңге құрағанын көреміз (3128,4х2,64):100%.

    ІІ. «ҚАЗАҚСТАН - КАСПИЙШЕЛЬФ» ЖШС-Ң ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ

    2.1 «Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң жалпы сипаттамасы

    Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

    «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС - Қазақстанның Әлеуметтік -экономикалық проблемаларын шешуде рөлін мойындайтын әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания болып табылады.

    Бүгінгі таңда «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС - Қазақстандағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Ол ел экономикасының ең маңызды секторларының бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді. Компания «Қазақстанкаспийшельф»АҚ энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына жәрдемдесетін Қазақстанның мұнай-газ саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды.

    Өндірістік тәжірибенің мақсаты: Бухгалтерлік және аудиторлық қызметтің кәсіпорында қалай жүргізілетінін анықтау.

    Өндірістік тәжірибенің міндеттері: Кәсіпорынның қызметімен, ұйымдастыру және басқару құрлымымен танысу, бухгалтерия жұмысын ұйымдастыру жұмыс істеу тәртібін зерттеу. Кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізу, ішкі аудит пен талдау жұмысын ұйымдастыру нысандарын зерттеу және бухгалтерлік, талдау мен аудиторлық жұмыс боиынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

    3. «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС жетілдіру Компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша келесідей шараларды орындауға алдын ала қарастыруда:

    ■ Каспий теңізінің бойынша және жерде де жоғары перспективті құрылымды барлау және бағалау жұмыстарды бақылау;

    ■ Лауазымды мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша республиканың мұнайгаз ресурстарын тиімді және рационалды меңгеруді қамтамасыз ету;

    Компания өз дамуын аяғына дейін жеткізу үшін келесідей мақсаттарға сүйенеді:

    ■ Шикізатты тауып, шикізат базасын дамыту;

    ■ Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану,

    ■ Мұнай операцияларына көмек көрсету үшін инфрақұрылым мен мұнайгазтранспорт жүйесі, мұнайгазөндіру саласын дамыту;

    ■ Солтүстік-Каспий жобасын кеңейтуге компанияның көмегі қамтамасыз ету керек;

    ■ Каспий теңізінің Мемлекеттік бағдарлама бойынша шаралар мен функцияларды орындау керек;

    ■ Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясы бойынша шараларды жүзеге асыру;

    ■ Мұнайгаз саласына ұлттық кадрларды дамыту;

    ■ Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте қауіпсіздік қамтамасыз ету; . «Қазақстанкаспийшельф» АҚ көптеген халықаралық және ішкі геофизикалық жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.

    Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық етеді.

    Компания:

    ■ мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

    ■ мұнай-газ операцияларын жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларын жүргізуге конкурстар ұйымдастыруға қатысады;

    ■ Қазақстанда және шетелде көмірсутегі шикізаты мен оның өңделген өнімдерін барлау, игеру бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық циклін, сондай-ақ мұнай-газ құбырлары мен өндірістік инфрақұрылымды жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асырады.

    2.2 «Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебінің ұйымдастырылуы

    «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша келесідей шараларды орындауға алдын ала қарастыруда:

    ■ Каспий теңізінің бойынша және жерде де жоғары перспективті құрылымды барлау және бағалау жұмыстарды бақылау;

    ■ Мұнайгаз өнімдерін өндеуді сату желісін дамыту, Шығыс Қазақстанда мульти қызметтік желілерді құру және ВОЛС құрылысында қаржылық үлесін қосу Атырау-Теңіз- Ақтау, Шымкент-Құмкөл.

    Компания өз дамуын аяғына дейін жеткізу үшін келесідей мақсаттарға сүйенеді:

    ■ Шикізатты тауып, шикізат базасын дамыту;

    ■ Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану,

    ■ Мұнай операцияларына көмек көрсету үшін инфрақұрылым мен мұнайгазтранспорт жүйесі, мұнайгазөндіру саласын дамыту;

    ■ Солтүстік-Каспий жобасын кеңейтуге компанияның көмегі қамтамасыз ету керек;

    ■ Каспий теңізінің Мемлекеттік бағдарлама бойынша шаралар мен функцияларды орындау керек;

    ■ Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясы бойынша шараларды жүзеге асыру;

    ■ Мұнайгаз саласына ұлттық кадрларды дамыту;

    ■ Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте қауіпсіздік қамтамасыз ету;

    «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС көптеген халықаралық және ішкі мұнай-газ жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауысгырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.

    Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық етеді.

    Компания:

    ■ мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен сгратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

    «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС –ң өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі - үмітсіз борыштардың проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең ішінде (ең азы үш жыл) тауар өткізу (жұмыс, қызмет) көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.

    Мысалы. «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС мекемесінде Жыл ішіндегі өткізу көлемі 1390 мың теңгені құрады. Күмәнді берешектің орташа проценті есебін жүргіземіз:

    Жылдар

    Өткізу көлемі

    Үмітсіз борыштар сомасы

    Процент

    2009

    630

    21

    3,3

    2010

    890

    15

    1,7

    2011

    1200

    19

    1,6

    Жиыны

    2720

    55

    2


    2002 ж. үшін күмәнді борышы бойынша резерв сомасы (3,3 + 1,7 + 1,6) : 3 =2,2% 1390 х 2,2% = 30,58 мың теңгені құрады. Есепті кезең соңьшда мьшадай жазба жазылады:

    7440 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

    1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 30,58 мың теңге

    Кд-ир

    № 1

    Шаруашылық операцияларының мязмұны

    Сомасы, теңге

    Шоттар карреспонденциясы

    Дебет

    Кредит

    1.

    «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС " ЖШС "Иінсексауыл" ААҚ-ға контракт жағдайы бойынша тауарды босатты: -тауарнақты өзіндік құны бойынша босатылды –

    - келісімшарт

    құнына

    -ҚҚС сомасына(14%)


    243750
    406250
    65000

    7020


    1210
    1210

    1330


    6020
    3130

    2.

    Қарызды сомасын жаңа дебиторға (цессионарға) цессия келісімшарты бойынша жатқызылды


    471250



    1213

    1213

    3.

    Қарастырылған келісімшартың негізінде цессинярдан цессня сомасы келіп түсті, жөнелтілген тауар үшін

    471250

    1040

    1210

    Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынандай категориялар бойынша жіктеу қажет:

    • өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;

    • 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

    • 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

    • 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

    • 90 жэне одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар. Мысалы:



    Дебиторлық бершекті төлеу мерзімдері

    Сомасы (мың,тенге)

    Күмәнді деп саналатын борыштардың проценті

    Күмәнді борыштар сомасы

    Төлеу мерзімі әлі болмаған шоттар


    360


    18


    64,8


    Төлеу мерзімі 1 күннен 30 күнге дейінгі шоттар


    270


    22


    54,9


    Төлеу мерзімі 31 күннен 60 күнге дейінгі шоттар


    210


    14


    29,4


    Төлеу мерзімі 61 күннен 91 күнге дейінгі шоттар


    180



    23



    41,4



    Төлеу мерзімі 90 күннен көп күндерге дейінгі шоттар



    100



    32



    32,0

    Жиыны

    1120




    226,7


    Күмәнді борыштар сомасы 226,7 мың теңге құрайды.

    7443 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

    1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 226,7 мың теңге.

    Субъект балансынан бұрьш талап етілмеген, күмәнді деп танылған борыштарды есептен шығарғанда мынандай жазба жазылады:

    1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот дебеті

    2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті

    2120-2130 «Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» шот кредиті - 226,7мың теңге.

    «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп берген.

    Қорытынды

    Қорыта келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебиторлың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады.

    Біздің елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерінің мойнына үлкен жауапкершілік ілінеді. Жалпы бухгалтер, бухгалтерлік еаептің теориясын және практикасын үйлестіріп тиянақты жұмыс істеуі керек. Бухгалтерлік есептің барлық қағидаларын естен шығармағаны жөн. Сондықтан да кез келген елдің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау, сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан толық дамуына кепілдік береді.

    Жалпы бухгалтерлік есеп өте қызықты да, өте қиын пән. Мұнда кішкентай қателіктің өзі артынан үлкен қайшылықтарға апарып соғады. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын, шығынын қарастырып, бағалап, талдай отыра кәсіпорын немесе фирманың болашағына болжамдар жасап, соларды бастықпен және де басқа жұмыскерлермен келісе отырып іске асырады. Бұл өте жауапты іс, себебі егер бухгалтер дұрыс болжамдар жасамаса ол кәсіпорынға үлкен жағымсыз жағдайлар туғызып, тіпті кейде кәсіпорынның банкротқа ұшырап жабылуына апарады.

    Мен, курстық жұмысымда осы бухгалтерлік есептің бір бөлімі дебиторлық борыш тақырыбын қарастырдым. Бұл өте қызықты тақырып, бұл тақырыпты толығымен талдап қарастыру үшін үлкен кәсіпорынды алу керек. Осы кәсіпорында бөлімнің барлық шоттары болса тіпті толық талдауға мүмкіндік болар еді. Мен өзімнің болашақ диссертациялық жұмысымды осы тақырыпта жазып, толық ашып қарастырғым келеді. Сонда толық қарастырып жазамын.


    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

    2. Бухгалтер бюллетені, N 7- 2015 ж.

    3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, N 12 – 2014;

    4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Бухгалтерлік есебі, Алматы – 2015;

    5. Кеулімжаев Қ.К. Бухгалтерлік есеп принциптері, Алматы – 2012

    6. ҚР-ң ағымдағы жылға «Республикалық бюджет жайлы есеп» заңы

    7. ҚР-ң қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 20.05.2007 ж №111 біртұтас бюджеттік топтамасы

    8. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп // Алматы – 2013

    9. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі Бухгалтерлік есеп // Алматы – 2010



    1   2   3


    написать администратору сайта