Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 ЖЕРДІҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛАНУЫ 1.1 Жер ресурстарын пайдалану және жер қорын пайдалану

  • 1.2 Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі принциптері

  • Кіріспе


    Скачать 488.5 Kb.
    НазваниеКіріспе
    Дата09.10.2019
    Размер488.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаdip_-zher-baqylau-men-zherdi-bagalau-zholdary.doc
    ТипДокументы
    #58476
    страница1 из 10
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



    МАЗМҰНЫ
    Кіріспе............................................................................................
    1 Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалауы

    1.1 Жер ресурстарын пайдалану және жер қорын пайдалану……..…

    1.2. Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі…..…...

    принциптері

    2 Жер бақылау және жер бағалау ерекшеліктері

    2.1 Жер бақылау қажеттілігі, түрлері және әдістемелері…………….

    2.2 Жерді бағалау: көзқарастар, бонитет баллдарын қолдану, жер

    бағаларын анықтау әдістері………………………………………

    3 Жер бақылау мен жерді бағалау жолдарын жақсарту……………..

    Қорытынды...............................................................................................

    Қолданылған әдебиеттер.........................................................................

    КІРІСПЕ
    Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2-ін теңізбен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтанда ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.

    Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатынг Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агро азық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенмен айтсақта жеткілікті.

    Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн. га жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, куроттар, қорықтар, тарихи және мәдениет болып бөлінеді.

    Осы «Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы нұсқама» (әрі қарай Нұсқама) Қазақстан Республикасы аумағында жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және оның нәтижелерін салыстыру бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

    Нұсқама Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-11 ҚРЗ Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 «Жер учаскелерін жеке меншікке беруде, мемлекеттің немесе мемлекеттік жер иеленушілер жалға беруде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын, сондай-ақ жер учаскелерін сату құқығы жалға бергені үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау жөніндегі тәртібін белгілейді.

    Нақты жер учаскесінің кадастрлық құны жер реусурстарын басқарудың аумақтық органдары мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін ақылы беру төлемақысының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін (арттыратын не кемітетін) қолдана отырып, айқындайды және жер ресурстарын басқарудың аумақтық органдары арқылы жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтайтын актімен рәсімделеді.

    Астана және республикалық маңыздағы қалалардың, облыс орталықтарының қала іргесіндегі аймақта және курорт аймағында орналасқан елді-мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкасы екі есе өседі.

    Төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерінің нақты мөлшері (арттыратын немесе кемітетін) жерге орналастыру жобасының құрамында белгіленеді. Бұл орайда ол:

    - Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін мәліметтер негізінде елді-мекендердің шекарасы шегінде;

    -Қазақстан Республикасы Жер кодексінің аталған бабының 3-5 тармақтарындағы нормаларды есепке ала отырып, жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негізінде елді–мекендер шекараларының шегінен тыс белгіленеді. Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау.

    Жер қатынастары мен оларды жетілдіру, реттеу туралы Елбасының бірнеше жарлығы шықты. Олар жердің нарықтық қатынасқа сауда- саттық құқығы мен жерді пайдалану институттарының ашылуына себеп болды. Жердің мемлекеттік меншікте қолданудың конституциялық негіздері сақталды. Бұл жарлық республикадағы жаңа жер қатынастарының дамуына тұңғыш себеп болды. Осы үрдістің дамуының логикалық жалғасы –үшінші кезең- жерді жеке меншікке пайдалану. Жерді меншіктену мәселесіне өз көзқарастарын Қазақстан Республикасының азаматтары 1995 ж 30 тамызда өткен референдумда білдірді. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасының ата заңына жерді жеке меншіктендіру заңы кіргізілді. Негізгі заң бойынша, жер мемлекеттік меншікпен бірдей жеке меншікте заң бойынша белгіленген мөлшерде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентінің 22 қарашада 1995 ж қабылданған Жарлығы “Жер туралы” осындай заң болып табылады. Бұл жарлық маңызды заң шығарушы әрекет болып келді. Жарлықта елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси (процесстердің) үрдістерінің көрсеткіші болатын құқық ережелері орын тапты. Жердің мемлекеттік меншікпен бірдей жеке меншікте болу мүмкіндігі құпталды. Жеке шаруашылыққа, бақша өсіруге, құрылысқа берілген Қазақстан Республикасының азаматтарының жер учаскелерін жеке меншікке алуға мүмкіндік туды. Жердің 350 мың гектардан астам көлемінде 3,5 млн жеке меншік жер иеленушілердің болуы мүмкін болды. Енді азаматтар жер учаскелерін үй, фабрика, зауыт, офис, гараж, сату, тұрмыс пен өндіріс обьектілерін салуға немесе осы объект салынған жерді жеке меншікке алуларына болады. Осындай жер тауарлық қатынасқа қатысып негізгі коммерциялық және инвестициялық қызығушылық тудырады. Жердің жеке меншіктендірілуіотандық және шетел инвесторларына республикада өз кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік туғызады. Жергілікті өкімет орындарының озбырлық, айла-тәсілдерінен оларды заң қорғайды. Меншікке алған жер учаскесіне қатынасты жер иеленуші кезөкелген, заң бойынша тыйым салынбаған келісім жасуына болады. Сөйтіп, олар келісім бағамен жер учаскелелін сатуларына, сыйлауына, өсиет етіп қалдыруына, уақытша пайдалануға өкімет орындарының рұқсатынсыз беруіне болады. Осы заң бойынша Жер мониторингі бір-бірімен тығыз байланысты биосфералық, биоэкологиялық – санитарлы; геоэкологиялық–табиғи–шаруашылық болып үш түрге бөлінеді. Мемлекет жер комитетінде геоэкологиялық мониторинг жер мониторингісінің негізгі құрамды бөлігі болып табылады.

    Жер мониторингісіне негізгі жүйесіне бір-бірімен ішінара қайнастағы жер басқару ресурстар кіреді: жер орналастыру, жер кадастры, ақпаратты және техникалық мониторингі. Жер мониторингісіне Қазақстан Республикасының барлық жер қорлары кіреді, жер мониторингісінің жерге иеленушілік, құқықтық тәртібіне және уақыт пен пайдалану құқығына байланыссыз. Жер мониторингі жер бақылау жүйесі жер қорларында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оларды бағалау процесстерін жүргізіп отырады.

    Қазақстанда жер тұңғыш рет сауда-саттық обьектісі болды; жеке меншікке берілген жер учаскелері келешекте 6-7 млн гектар мөлшерде болады.

    Қоғамдық өмірде жер өндіріс құралы. Жер еңбек құралы болып саналатындықтан, еңбек ету саласында жер басты рөл атқаратындықтан, адамдардың оған деген ықпалы да зор.Осы сапасына қарай жер ауыл шаруашылығын да қолданылатын өндіріс құралы бола тұра оның өзіндік ерекшеліктері бар, істелінген жұмыстың нәтижесі болып саналмайды; кеңістікте шектеулі; басқа өндіріс құралдарымен айырбасқа келмейді; орналасу жағдайы тұрақты,дұрыс қолданған жағдайда тозбайды; көлеміне қарай сапас әр түрлі; әр жер бөлігінің пайдалы өзіндік ерекшелігі бар; ауыл шаруашылығында жер өзінің құнарлылығымен бағаланады; Адам өмірінің барлық саласында (ауыл және орман шаруашылығынан басқа) жер операциялық базис ретінде қаралады, сондықтан жер ғимараттармен.

    1 ЖЕРДІҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛАНУЫ
    1.1 Жер ресурстарын пайдалану және жер қорын пайдалану
    Жар ең негізгі табиғат байлығы. Ал барлық тіршілік көза және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады. Жар қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.

    Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн.га. жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.

    Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн.га, барлық жердің 12,8%-і ғана. Жар қорының едәуір бөлігінің сапасы төмен: 77 млн.га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы «қауіпті» (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-ның жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.

    Суғару жүйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-і сортаңдаған, 3%-і батпақтанған, 5%-інің топырағының құнары жойылып кеткен. Жар жырту, өзендердің арнасын өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді.

    Жар қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлылығын арттыр, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.

    Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 3,5 млн. гектарға арттыруға мџмкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7,1 млн. гектарға арттыруѓа мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер өңделуі тиіс.

    Жердің ерекше қасиеті-топырақтың құнарлығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қалыптасу үшін 100 жыл, бір қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үщін 16 мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т.б.) әсер етеді.[1,24 б]

    Топырақтың құнарлылығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлылығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын тљмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөнінідегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

    1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияныњ негізгі џш тџрі бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, Әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.

    Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердіњ, әсіресе құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер ерекшелігін, ауа-райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:

      • ұйымдастырушылық шаралары-айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;

      • агротехникалық шаралар- жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т.б.

      • егістіктің айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру, т.б.

    1. Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті, жайылымды суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды.

    2. топырақты құм басудан қорғау жолдары-ағаш (сексеуіл, жыңғыл), бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.

    3. жерді батпақтанудан қорғау џшін гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.

    4. топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, сортаң жерледі әкпен, гипспен өңдеу, санаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу, т.б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.

    5. Топырақты уланудан қорғау-пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс, тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.

    6. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.

    7. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңѓы жылдары әртүрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.

    Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шараладың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, жақсарту, қорғау шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т.б. экономикалық есептеулерді, баѓалауды талап етеді.

    Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге, пайдалануға жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық т.б. төлемдер алынады осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы-экономикалық бағалау жатады. [2, 52 б]

    Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады:

    1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік- материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т.б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есепке алынады.

    2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

    3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері-өнімділігі, орналасу тиімділігі әртүрлі. Құнарлы тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әртүрлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталандырылады.

    Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.

    1.2 Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі принциптері
    Жер қорын бағалау жөнінде ғылыми ізденіс пен әр түрлі саладағы мамандар: топырақтанушылар, географтар, экономистер айналысып келеді. Көптеген теориялық және әдістемелік мақалалар жарияланғанымен, жалпы қабылданған әдістеме жоқ.

    Көптеген аймақтық еңбектерде топырақты агроөндірістік тұрғыдан топтастыру және жерді пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі. Жерді бағалау белгілері мен әдістеріне топырақтанушылар мен географтардың көптеген еңбектері арналған. Олардың бір тобы мәселені топырақ карталарын жасау арқылы шешеді, екіншілері жерді өндіріс құралы ретінде бағалайды.

    Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады:

    біріншісі-топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау;

    екіншісі- жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.

    Топырақтың бонитет балдары оның сапалық қасиеттерінің көрсеткіші болып табылады, аймақта өсетін басты дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлылығын анықтауға, оларды тиімді пайдалануды жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус), тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, жентектелуіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады.

    Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардыњ көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрстекіш арқылы жердің тиімді пайдаланылғаны бағаланады.

    Топырақ бонитет балдарын іс-тәжрибеде қолданылуын шартты мысалмен көрсетейік. Бонитет балдары әртүрлі 20 шаруашылық бар делік, олардаѓғы нақты (Љн) және топырақ балына сәйкес есептелген (Ље) дақылдыњ тџсімі кестеде берілген. [2,61 б]

    1 кесте- Шаруашылықтарда дәнді дақылдар өсіру көрсеткіштері

    Рет



    Бонитет балы

    (Б)

    Нақты түсім (Љн)

    Есептелген тџсім

    е)

    1

    16

    1

    2,8

    2

    21

    5

    3,8

    3

    25

    3

    4,6

    4

    29

    6

    5,5

    5

    34

    6

    6,5

    6

    38

    8

    7,4

    7

    41

    9

    8,0

    8

    46

    10

    9,1

    9

    40

    9

    9,7

    10

    50

    10

    9,9

    11

    52

    11

    10,3

    12

    55

    11

    11,0

    13

    56

    12

    11,2

    14

    58

    11

    11,6

    15

    60

    13

    12,0

    16

    62

    12

    12,4

    17

    65

    15

    13,0

    18

    66

    13

    13,3

    19

    68

    14

    13,7

    20

    75

    13

    14,9


    № 10, 12, 16, 18 шаруашылықтарда жерді өнімділігіне сәйкес пайдаланады; №5, 9, 14 одан гөрі тиімдірек; №1, 3 нашар пайдаланады; №2, 7, 8, 15, 17, 20 шаруашылықтарда жерді өнімді пайдаланады.

    Бонитет балдарын қолданып шаруашылықтардыњ жұмыс нәтижесін бағалауға болады. Мысалы, №15, 18, 20 шаруашылықтарда бірдей өнім алынды, бірақ олар бірдей жақсы нәтижеге қол жеткізді ме? Оны білу үшін алған өнімдерін топырақтың бонитет балына бөлеміз. Сонда әр бонитет балға №15 шаруашылық 22 кг, №18-19,7кг, №20-17,5кг өнім алғанын көреміз, яғни бірдей өнім алғанына қарамастан алғашқысы жерді жақсы пайдаланған, екіншісі-орташа, соңғысы- нашар пайдаланған болып шығады.

    Балл бонитеттерін пайдаланып ауыл шаруашылық кәсіпорындарының нәтижесін бағалауға болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнын шаруашылықтың пайдаланылуындағы жерледің орташа бонитет балына бөліп, шаруашылық нәтижесін бағалауымызға болады. Сондай-ақ есептеулерде таза табыс, өнімдердіњ өзіндік құны, т.б. экономикалық көрсеткіштерді қолданылуымызға болады. Бірақ бонитет балдарының қолдану ауқымы экономикалық бағалаудан әлдеқайда тар. Мысалы, ол экономиканыњ бағалау атқаратын есептеу қызметін атқара алмайды, сондай-ақ жерге келтірілген зиянды есептеуге орнын толтыруға компенсациялық шығындарды есептеуге жарамайды.

    Жерді балдық көрсеткіштерге сәйкес бағалау туралы экономистердің екі түрлі көзқарасын байқауға болады. Біріншісі бойынша жер бір өлшем ауданнан (га) алынатын жалпы өнім мен таза табысқа сәйкес бағаланады, екіншісінде-алынған ауыл шаруашылық өнімдері және оған жұмсалған шығындар есептеледі. Екі көзқарас бойынша да жерді бағалаудың басты белгісі одан алынатын өнім, тек екінші көзқараста жұмсалатын шығын деңгейі ескеріледі.

    Бірінші көзқарасты жақтаушылар жерден алынған өнім шамасы оның салыстырмалы құндылығына сәйкес келеді және таза табыс пайдалану дәрежесін көрсетеді деп есептейді. Сонымен қатар, олар ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қоғамдық қажетті шығындар шамасына біртіндеп жақындайды деп есептейді. Олардың кейбіреуі жерді 1 гектар ауданға есептелген жалпы өніммен бағалау керек десе, екіншілері-таза табыс көрсеткішін немесе негізгі үш: өнімділік, жалпы өнім және таза табыс көрсеткіштерін қолдануды ұсынады.

    Ғалымдардың екінші бір тобы жерді бағалау белгісі ретінде бір өлшем ауданнан алынған өнімнің оған жұмсаған шығынға немесе шығынның өнімге қатынасын алуды ұсынады. Олар таза табыс шамасы өнімнің бағасына байланысты болғандықтан, әділетті көрсеткіш бола алмайды деп есептейді. Сондықтан жалпы өнім сапасы да топырақтың сапалы ерекшелігіне сай келмейді, өнімдерге аймақтық бағалар қолдану топырақтың құнарлығы арқасында алынатын табысты анықтауға мүмкіндік бермейді дейді. Олардың жерді бағалау әдісі оның бағасын топырақ бонитетіне-өнімділігіне сәйкес озық шаруашылықтардағы өнімніњ өзіндік құны арқылы анықтауға саяды. Жердің сапасының жиынтық көрсеткіші ретінде бір өлшем ауданнан алынатын нақты өнімділіктің оған жұмсалған шығындарға қатынасы бойынша анықталатын «өлшемдес өнімділік» көрсеткішін қолдануды ұсынады.

    Б=
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта