Главная страница

Кіріспе


Скачать 488.5 Kb.
НазваниеКіріспе
Дата09.10.2019
Размер488.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаdip_-zher-baqylau-men-zherdi-bagalau-zholdary.doc
ТипДокументы
#58476
страница8 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
(17)

мұнда: Р- жердің бағасы;

R- жылдық рента

p- банк проценті


Жер негізгі љндіріс кџші




Жердің өнімділігі




Еңбек өнімділігі



Табиѓи өнімділік




Жасанды өнімділік




Экономикалық өнімділік


1 сурет- Жердің өндіріс күші
Жердің экономикалық өнімділігі оның қоғамдық құндылығын білдіреді. Жердің тұтыну құндылығы оның ерекше негізгі өндіріс күші екендігінде. Жердің сапасына байланысты еңбек өнімділігі де әртүрлі болады. Бірақ ерекше еңбек жұмсалатын орта ретінде құндылығы әрқашан сақталады.

Жердің тұтыну құндылығы мен экономикалық өнімділігі тікелей бір-бірімен байланысты, бірақ олардың ерекшеліктері де бар. Егер экономикалық өнімділік жер мен оған жұмсалатын еңбектің өндіргіш күші арқылы көрінетін болса, жердің ерекше еңбек ету ортасы екендігі- оған қажеттілік арқылы көрініс табады. Жердің осы қасиеттері экономикалық бағалауда ескеріледі.

Жоғарыда жерді біз тек қана өндіргіш күш ретінде қарастырдық. Жер, сонымен қатар, өмір сүру ортасы. Бұл жағдайда жердің әлеуметтік-экологиялық құндылығы қарастырылуы тиіс. Жердің экологиялық құндылығы өмір сүруге қолайлы жағдайда сақтаудың қажеттігінен туындайды.

Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құндылығын анықтау болып табылады. Осы тұрғыдан, жердің толық экономикалық бағасы дифференциалдық және абсолюттік ренталар негізінде анықталуы тиіс.

Дифференциалдық рентаны анықтау әдістерін жоғарыда қарастырдық. Ал абсолюттік рента жерді қалпына келтіру құндылығымен, яғни жұмсалатын қоғамдық қажетті шығындармен анықтауға болады деп есептейміз.

Ауыл шаруашылығында жер тек қана өмір сүру, еңбек ету ортасы ғана емес ол қажетті өнім алудың тұрақты көзі. Топырақтың құнарлылығы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан табиғи процесс, қолдан жасалмайды. Бірақ экономикалық тұрғыдан жақсартуға болады.

Топырақтың құнарлылығын жаңғырту, қосымша еңбек жұмсауды қажет етеді. Бұл жағдайда қосымша еңбек жаңа өнім бермейді, тек өнімді алуға экономикалық жағдай туғызады. Сонымен, жердің құнарлылығының қалпына келу мүмкіндігі оны жаңғырту шығындарын жұмсауды туғызады. Көп жағдайда қалпына келтіру деп-табиғат ресурсының, нақты заттың қайталануы емес, оның өнімділігін ұғынамыз. Қосымша еңбек жұмсау арқылы жердің өнімділігі-құндылығы арттырылады. Сондықтан оның қосымша құндылығы оған жұмсалған еңбек арқылы көрініс табады. Бұл тұрғыдан нақты еңбектің болған-болмағаны шарт емес, потенциалды (тіпті болашақ) еңбектің экономикалық тиімділігі көзделеді.

Шартты мысалдармен жер ресурстарын бағалау әдістерін қарастырайық.

Ауыл шаруашылығында сапасы әртүрлі үш категория жер бөлімшелері пайдаланылады дейік. Сапасы жақсы жердің бір өлшемінен 15 тг рента алынады, орташа жерден-10 тг, ал нашар жердегі шығындар 20 тг/ц шеткі шығын болып есептеледі. Олардан басқа тағы 4-игерілмеген жер бөлімшесі бар делік. Оны әртүрлі шығын жасап барлық үш категорияға жеткізуге болады. Игеру шығындары «Жақсы категориясына» жеткізу үшін 500 теңге/га, «орташаға»- 200 тг/га, «нашарға»- 50 тг/га. сонда барлық варианттар үшін шеткі шығын жаңа жер игеру 1 ц өнімге 30 теңге болады.

Шеткі шығын артқанда жер рентасы көбейеді: жақсы жерде-25, орташада-20, нашарда-10 (10 бағана). Осы категорияға сәйкес жаңа жер игеру шығындары да 25, 20 және 10 (11 бағана) яғни жерді игеру шығындарымен бағаласақ та сондай сандар аламыз (12 бағана).

Келтірілген мысал әртүрлі әдістермен жерді бағалап бірдей нәтиже алу мүмкіндігін көрсетеді. Мұндай тек игерілетін жаңа жердің сомасын кез келген категория дәрежесіне жеткізуге болатындығын дәлелдеу керек. Әрине категория жақсарған сайын жұмсалатын шығындар да өсе түседі.

Барлық табиғат байлықтары сияқты жер ресурстары да абсолютті және салыстырмалы экономикалық бағаланады. Абсолютті бағалаулар бойынша жер ресурстары ұлттық байлық құрамында есептеледі, шаруашылық баланстарында есептеледі және жер ресурстарын пайдалану төлемдері анықталады. [5, 38 б]

Салыстырмалы экономикалық бағалау-негізінде жерді пайдаланудың әртүрлі варианттарының тиімдісі таңдалды.

Қазіргі пайдаланылып жүрген әдістемелерге сәйкес жерді экономикалық бағалау үшін негізгі ауыл шаруашылық дақылдар бойынша өнімділігі, жұмсалатын шығындар есептеледі. Ең негізгі көрсеткіш 1 га жерден алынатын жылдық дифференциалдық рента. Ол негізгі дақылдар бойынша 1 ц өнімнен алынатын дифференциалдық рентаны әр алқаптың өнімділігіне көбейту арқылы анықталады. Сондай–ақ өнімділікке тура пропорционал көрсеткіш топырақ бонитет балдары қолданылады. Жердің өнімділігі мен топырақ бонитетінің байланысын мынадай формуламен көрсетуге болады.

У = а+bx, (18)

мұнда: У- жердің өнімділігі, ц/га;

а- 1 га жерге жұмсалатын шығынныњ тұрақты бөлігі, тг/га;

b- шығынның өзгермелі бөлігі, тг/га;

x- топырақтың бонитет балы, коэффициент (1-100).

Новосибирск ғалымдары ұсынған бұл әдістің бір ерекшелігі-тұрақты шама арқылы абсолюттік рентаны есептеуге болады дейді. Мысалы, тұрақты шаманы (С+V)с деп алатын болсақ

Ra= (19)

мұнда: r- халық шаруашылық тиімділік нормасы.

Дифференциалдық рента топырақ бонитетіне байланысты анықталады:

R1=

немесе

R1= (20)

мұнда: Бj - аймақтағы бағаланатын жердің бонитет балы:

Бj min- аймақтағы жердің ең төменгі топырақ бонитеті.

Толық жер рентасы абсолютті (Rа) және дифференциалдық (R1) ренталардың қосындысы:

R =Ra+ R1 (21)

Жер қатынастары-жер иеленушілік және жер пайдалану жер рентасының үш түрін туғызады. Абсолюттік рента жерге монополиялық иелікке және ауыл шаруашылық капиталының органикалық құрылымымен түсіндіріледі. Дифференциалдық рента I жердің табиғи өнімділігі және орналасу тиімділігіне байланысты. Ал дифференциалды рента II жердің өнімділігін арттыруға жұмсалған қосымша еңбектің нәтижесі. Жерді экономикалық бағалауда алғашқы екеуі есептелуі тиіс.

Рента түрлерін бұлай бөлу тек экономикалық теорияда қолданылады. Ал іс жүзінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес, олар бір-бірімен байланысты, тек қана біртұтас есептеледі.

Екі жер бөлімшелерін салыстырып тек қана дифференциалдық рентаны анықтаймыз дейтін болсақ. Нашар жердің рентасы нөлге тең деп алуымыз керек, яғни ондай жерді экономикалық бағалауға болмайды. Ал іс жүзінде барлық жер, оның ішінде ең нашар жер, бағалануы тиіс. Нашар жер (жалға) пайдалануға берілгенде дәл жақсы жер сияқты одан алынатын табысқа байланысты бағаланады.

Ауыл шаруашылығында ренталық төлемдерді анықтау әдістемелері бойынша дифференциалдық рентаны өнімдердің сатылу бағасы мен жеке өндіру бағаларының айырмасы бойынша анықтау ұсынылады. Ал абсолюттік рента бағаның құрамында деп есептеледі.

Макроэкономикалық деңгейде рента қоғамдық өндірістен алынған қосымша құнның, жаңадан өндірілген құнның, ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Осы жағдайды ескеріп, жер рентасын ұлттық табыстан былай айыру ұсынылады:

(22)

мұнда:

R –аймақтағы жердің халық шаруашылығымен есептелген құны;

S- аймақтағы жер қоры;

γ- жер қорының ұлттық табысқа қосқан үлесін көрсететін коэффициент;

Е- уақыт факторын есептеу нормативі;

m- қоғамдық өндірістен алынған жылдық қосымша өнім (ұлттық табыс);

Kj- аймақтағы жердің сапасының саралану коэффициенті

γm – жер рентасының жалпы сомасы болып табылады. Бірақ бұл формуламен рентаны есептеу өте қиын. Өйткені γ шамасы белгісіз.

Жер ресурстарын ұзақ мерзімдік экономикалық бағалғанда мынандай ерекшеліктер ескеріледі:

  1. топырақ құнарлығы-жердің өнімділігі қалпына келеді. Жерді тиімді пайдалансақ, одан ұдайы өнім алуға болады. Сондай-ақ өнімділікті арттыруға болады;

  2. жер ауданы, әсіресе құнарлы, қолайлы жер ауданы әрқашан шектеулі, қажеттілікке қарай өзгертуге (ұлғайтуға) болмайды;

  3. жер негізгі өндіріс құралы және өмір сүру ортасы, жердегі тіршіліктің негізі;

  4. жер иеленушілік жер қатынастарын және соған сәйкес жер рентасын бөлуді туғызады.

Жердің экономикалық бағалануынан оны қалпына келтіру құнын және сатылу бағасын ажырата білуіміз керек. Алғашқысы рента негізінде анықталады. Жерді қалпына келтіру құны жұмсалған шығындарға сәйкес анықталады және нақты шығын жұмсалуы шарт емес, потенциалды шығындар есептеледі. Жердің сатылу бағасы нарық жағдайында анықталады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта