Главная страница
Навигация по странице:

  • Мәдениеттану

  • мадени антропология. Мәдени антропология. Мдени антропология


    Скачать 17.73 Kb.
    НазваниеМдени антропология
    Анкормадени антропология
    Дата15.10.2020
    Размер17.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМәдени антропология.docx
    ТипДокументы
    #62480

    Мәдени антропология - бұл мәдени нысандар, оның көрінуінің барлық формаларында және оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде мінез-құлықтың материалдық объектілері, идеялары, құндылықтары, түсініктері мен модельдерінің жиынтығы. Оңайлатылған мағынада мәдени антропология адамның мінез-құлқын және оның қызметінің нәтижелерін зерттеумен айналысады. Тәуелсіз пән ретінде ол 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында, негізінен АҚШ-та пайда болды. Негізгі өкілдер: Лео Фробениус, Франц Боас, Рут Бенедикт, Маргарет Мид, Бронислав Малиновский, Альфред Радклифф-Браун, Эдуард Тейлор, Марсель Мосс, М. Херсковиц, Люсиен Леви-Брюль, Клод Леви-Стросс және Клиффорд Джерц. АҚШ-та «мәдени антропология», Ұлыбританияда «әлеуметтік антропология» термині қолданылады.


    Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.

    Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропологиятарихпсихологияпедагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.

    Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

    • мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

    • мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;

    • мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);

    • агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).


    написать администратору сайта