Главная страница
Навигация по странице:

  • Бала тәрбиесінде нелерді білу қажет Балаңыздың достары бар ма және ең жақсы досы кім

  • Отбасы трбиесіндегі аморлы мселесі


    Скачать 15.71 Kb.
    НазваниеОтбасы трбиесіндегі аморлы мселесі
    Дата20.11.2020
    Размер15.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаotbasy-trbies.docx
    ТипДокументы
    #63080

    Отбасы тәрбиесіндегі қамқорлық мәселесі.

    Ата-аналардың балаға деген қамқорлығы шексіз. Қамқорлық – мейірімділіктің қайнар көзі, сөнбес сәуле екені баршамызға ақиқат. Дегенмен «Жақсылықтың өзі өлшеммен» деп бекер айтпаған. Сондықтан шектен тыс қамқорлқты жақсылықтың жолы деп қарауға болмайды. Әрине, әр ата-ана өз баласына қамқор болуға әрқашан дайын. Бірақ, сол қамқорлық ақыл-парасатқа негізделген, болашақ болмысын айқындайтын жақсылықтың жолы болуы керек.

    Сіз қамқорлықты балаға деген «қауіпсіздік» ұғымымен бағалайсыз. Қамқорлық – сіз үшін адал дос, өйткені ол баланың сенімді серігі деп шешім қабылдайсыз.

    Ата-аналар өз баласының алғашқы қадамын, жағымды мінез-қылықтарын көруге асығады. Бала сіз үшін ажырамас айнаға айналады. Оның жылағаны жабырқатып, күлгені қуантады.

    Ата-аналар баласы үшін күш-жігерін аямай, барлық мүмкіндіктерді жасауға асығады. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесін білу – отбасындағы тәрбиенің табысты болуының басты шарты.

    Ата-аналар өз баласын нашар білетінін әрдайым мойындай бермейді. Отбасындағы тәрбиелеу тәсілдері баланың жеке қасиеттеріне, оның ересек адамдар тарапынан жасалатын әртүрлі ықпал әсерлерін қалай қабылдайтынына қарай қолданылатын болуы тиіс.

    Сіз балаңыздың алдыңғы қатарлы тұлға болып қалыптасқанын, өзіңіз жасамаған игі істерді атқарғанын міндетті деп шешім қабылдайсыз. Мұндай айқын мақсат баланың мінез-құлқына әсер етеді.

    Себебі, сіз баланың бостандығына тосқауыл болып, оның өзіндік ұстанымын ажыратуға кедергі жасайсыз.

    Бала тәрбиесінде қалыптасқан шамадан тыс еркелету отбасында ерекше орын алады. Мұндай мүмкіндіктерді берген әрине сіздер ата-аналар қауымы.


    Бала тәрбиесінде нелерді білу қажет?


    Балаңыздың достары бар ма және ең жақсы досы кім?

    Баланың достық қатынастары қандай,өзінің жақындарына қамқорлық жасай ма? Баланы не нәрселер қызықтырады? Достарына көмекке келуге әзір тұра ма? деген сияқты сұрақтарға ата-аналар бірдей жауап бере алмайды.

    Сондықтан, баланы ақыл-парасатпен зерттей отырып, өзіндік «менін» сезіндіру керек.

    Құрметті ата-аналар!

    Баланың болашағы балалық шақтан басталады.

    Сондықтан сіздерге төмендегі негізгі ережелерді ұсынамыз:

    балаға шамадан тыс қамқор болмау;

    әр қадамына алаңдамау;

    бостандығына шек қоймау;

    үнемі бақылау міндетті емес;

    сенімсіз міндетті жүктемеу;

    өмір қиындығына төтеп беру;

    баланы тұтынушы ретінде қабылдамау;

    өзгелерді түсінуге және шыдамдылыққа баулу;

    достарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салмау;

    дос табуға көмектесу;

    баланың ойымен бөлісу;

    өз мәселеңізге араластырмау;

    өздігінен дамуға көмектесу;

    баланы шамадан тыс сынға алмау.


    написать администратору сайта