Главная страница
Навигация по странице:

  • Пән «Әлеуметтік-саяси білім модулі», 8 кредит 1 - модуль – 4 кредит ЖББФ барлық білім беру бағдарламаларына арналған сағаттар: 24 дәріс, 12 практика

  • Дәріс №1: Әлеуметтану ғылымы гуманитарлық ғылымның құрылымы ретінде 2020-2021 оқу жылы Дәріс жоспары

  • Қысқаша мазмұны Әлеуметтану ғылым ретінде

  • Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

  • Бақылау сұрақтары

  • Қазақша На русском языке In English

  • Әдебиеттер тізімі Негізгі

  • Қосымша

  • Әлемтану. 1. Әлеуметтану ғылымы гуманитарлық ғылымның құрылымы ретінде (1). Пн леуметтіксаяси білім модулі, 8 кредит 1 модуль 4 кредит жббф барлы білім беру бадарламаларына арналан сааттар 24 дріс, 12 практика


    Скачать 67.5 Kb.
    НазваниеПн леуметтіксаяси білім модулі, 8 кредит 1 модуль 4 кредит жббф барлы білім беру бадарламаларына арналан сааттар 24 дріс, 12 практика
    АнкорӘлемтану
    Дата15.09.2020
    Размер67.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1. Әлеуметтану ғылымы гуманитарлық ғылымның құрылымы ретінде (1).doc
    ТипДокументы
    #62095

    Подборка по базе: № 27 през тур - білім ланд.doc, МҰ қызметін бағалауда білім беру квалиметриясының әдістері және., Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым.docx, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым.docx

    2020-2021 Әлеуметтік-саяси білім модулі1 - модуль , «Әлеуметтану, саясаттану»

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ

    АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕ МАТЕРИАЛЫ

    Пән «Әлеуметтік-саяси білім модулі», 8 кредит

    1 - модуль – 4 кредит ЖББФ барлық білім беру бағдарламаларына арналған

    сағаттар: 24 дәріс, 12 практика

    Дәріс №1: Әлеуметтану ғылымы гуманитарлық ғылымның құрылымы ретінде 2020-2021 оқу жылы

    Дәріс жоспары:

    1. Әлеуметтану қоғам ғылымы ретінде.

    2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы. Әлеуметтанудың негізгі түсініктері.

    3. Әлеуметтік ғылымның жоғары білікті техникалық мамандар - сәулетшілер, дизайнерлер, құрылысшыларды қалыптастырудағы рөлі.

    Қысқаша мазмұны
    Әлеуметтану ғылым ретінде

    Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

    Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

    Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.

    Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.

    Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді.

    Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.

    Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.

    Сәулет, дизайн және құрылыс мамандықтарының қазіргі қоғамдағы рөлі көрсетілуі керек. Бұл мамандардан әлеуметтік, техникалық, ғылыми және көркемдік мәселелерді терең білуді талап етеді. Бұл сәулет-құрылыс білімінің негізгі міндетін анықтайды - сәулетшіні, өмірді толықтай қабылдауға қабілетті құрылысшыны оқыту және тәрбиелеу. Қазіргі заманғы инженер (сәулетші, құрылысшы, дизайнер) тапсырыс берушінің талаптарын орындап қана қоймай, сонымен қатар сәулет, құрылыс құрылымының басқалардың қабылдауына қатысты композициялық қатынастарының талаптарын көрсете білуі керек. Әуесқой көзден жасырылған және адам интуитивті, субъективті үйлесімділік, сұлулық сезімі деңгейінде түсінетін сәулет формаларының үйлесімді құрылымдық байланыстары болашақ жобаны түсініп, ғылыми негіздеуі, болашақ жобаны әзірлеуі, ең ұтымды және перспективалы әлеуметтік бағытты анықтау үшін жоба алдындағы талдауы мен зерттеуін жүргізуі қажет және түсінуі керек. экономикалық, экологиялық, инженерлік және сындарлы композициялық және көркемдік шешімдер қабылдай алу керек.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Экономика, тарих, философия, психологиядан қоғамды зерттеудегі әлеуметтанулық көзқарастың ерекшеліктері қандай?

    2. Қоғам сіздің өміріңізге қалай әсер етеді?

    3. Әлеуметтану мен сәулет, әлеуметтану және құрылыс, әлеуметтану мен дизайнның әсерін нақты мысалдармен көрсетіңіз.

    Глоссарий

    Қазақша


    На русском языке

    In English

    әлеуметтану

    социология

    sociology

    әлеуметтік

    социальное

    social

    қоғам

    общество

    society

    әлеуметтік мәртебе

    социальный статус

    social status

    социологиялық тәсіл

    социологический подход

    sociological approach


    Әдебиеттер тізімі

    Негізгі:

    1. Зенькович, Н. Имя, ставшее эпохой. Нурсултан Назарбаев: новое прочтение биографии. Москва: 2017.- 544 стр.

    2. Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі/ Калхун Крейг.- Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 480 б.

    3. Шваб, К. Төртінші индустриялық революция . Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.

    4. Дэвид Б.Бринкерхоф, Сюзан Т.Ортега, Роуз Уэйтс. Әлеуметтану негіздері. 2018

    5. Джорж Ритцер, Джеффри Степницки.Әлеуметтану теориясы. 2018

    6. Карен Армстронг. Иудаизм, христиандық пен и исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны. 2018

    7. Саид, Э.У. Ориентализм / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 328 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    8. Трагер, Р. Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 256 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    9. Роббинс, С. Ұйымдық мінез-құлық негіздері / - 14-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 488 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    10. Самыгин, С.И. Социология: Учебное пособие / Ростов-на-Дону: Наука-Спектр, 2017.- 288 с.

    11. Столярова, Э. Социология: Учебное пособие. - Усть-Каменогорск: Изд-во «Берел» ВКГУ им. С. Аманжолова, 2019. - 110c. -ISBN 978-601-314-334-7.// электр база РМЭБ

    12. Матвеенкова, Л.Г. и др.Политология: Электронный учебник. / Л.Г. Матвеенкова, И.Н. Ивлева, О.М. Хмельницкая. - Караганда: КарГТУ, 2015.// электр база РМЭБ

    13. Будник Г.А., Королева Т.В., Культурология, Учебно-методическое пособие для студентов. Иваново 2018г., 152 с.

    14. Путилова Е.А., Шуталева А. В., Культурология, Нижний Тагил, 2018


    Қосымша:

    1. Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 736 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    2. Хилл, Ч. Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 720 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    3. Шилинг, Мелисса А. Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 380 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    4. Котлер, Филип Т. Маркетинг негіздері / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 736 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    5. Уилтон, Н. HR менеджментке кіріспе /Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 532 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).

    6. Дэвид Дж. Майерс. Әлеуметтік психология.2018

    7. Шунк, Дейл Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі / Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 608 б.- (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).







    написать администратору сайта