Главная страница
Навигация по странице:

  • Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан құралады.

  • Умарова-КТС. Зады тлалар екі топа блінеді


    Скачать 170.5 Kb.
    НазваниеЗады тлалар екі топа блінеді
    Дата05.03.2018
    Размер170.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУмарова-КТС.doc
    ТипДокументы
    #50028

    Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінің 27.2 пайызын құрайды.

    Салық кодексі қабылданған кезеңге дейін салықтың бұл түрі заңды тұлғалардың табыстарынан алынатын табыс салығы деп аталды. Кейіннен атауы өзгеріп, қысқартылды да, халықаралық стандартқа сәйкес “корпорациялық табыс салығы” деп аталынды.

    Корпорациялық табыс салығын арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, салық салу обьектілері бар заңды тұлғалар төлейді.

    Заңды тұлғалар екі топқа бөлінеді:

    • коммерциялық ұйымдар;

    • коммерциялық емес ұйымдар.

    Коммерциялық ұйымдар дегеніміз белгілі бір табыс көзі бар заңды тұлғаларды атаймыз.

    Коммерциялық ұйымдардың ішінде арнаулы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғалардың табыс салығын төлеуде өзіндік ерекшеліктері бар, бұл мәселеге кейінірек тоқталамыз.

    Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп аталады.

    Ал коммерциялық емес ұйымдарға салық салу жөнінде алдағы тақырыптарда баяндаймыз.

    Корпорациялық табыс салығын төлеушілер:

    • Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

    • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар.

    Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектілеріне:

    • салық салынатын табыс;

    • төлем көзінен салық салынатын табыс;

    • Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.

    І. Салық салынатын табыс

    Корпорациялық табыс салығын төлеуші заңды тұлғалар ең алдымен салық салынатын табысын есептеп алуы қажет.

    Ал салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыспен және түзетулер ескерілген, шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады, яғни:

    Салық салынатын табыс Жылдық жиынтық табыс – Шегерімдертүзету
    ССТ  ЖЖТ – Штүзету

    Ал енді жылдық жиынтық табысқа тоқталайық.

    Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан құралады.

    Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына алдағы уақытта тоқталамыз.

    Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:

    1) өткізуден түсетін табыс;

    2) құн өсімінен түсетін табыс;

    3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

    4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

    5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

    6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

    7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;

    8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

    9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

    10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

    11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

    12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

    13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

    14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

    15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

    16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

    17) дивидендтер;

    18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар;

    19) оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

    20) ұтыстар;

    21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

    22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

    23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

    24) жоғарыда көрсетілмеген басқа да табыстар.

    Шегерiмдер

     Шегерімдер дегеніміз салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты жұмсаған шығыстары.

    Шегерімдер салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiледі.

    Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi.

    Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.

    Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлуге жатады.

    Егер шығыстардың бiрнеше баптарында белгiлi бiр шығындар көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.

    Мемлекеттiк бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiн қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегерiп тасталуға тиiс.

    Шегерімге жататындар:

    1. Қызмет бабындағы iссапарлар кезiндегi және өкiлдiк шығыстар бойынша өтемдер сомаларын шегеру;

    2. Сыйақы бойынша шегерiмдер;

    3. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер;

    4. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер;

    5. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер;

    6. Ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер;

    7. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру;

    8. Әлеуметтiк төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру;

    9. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi;

    10. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiмдер;

    11. Салықтар шегерiмi.

    Залалдар

    Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп аталады.

    Залалдарды ауыстыру


    Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды өткiзуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.

    ІІ.Төлем көзінен ұсталатын салық

    Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектісінің екінші түрі төлем көзiнен салық салынатын табыстар және оған жататындар:

    1) ұтыстар;

    2) резидент еместердің Салық кодексінің 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;

    3) заңды тұлғаларға төленетін сыйақы жатады.

    Мыналар төлем көзінен салық салуға жатпайды:

    1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;

    2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;

    3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

    4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

    5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

    6) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

    7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;

    8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;

    9) кәсіби қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін, репо операциялары және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

    10) микрокредиттік ұйымдарға төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы төлем көзінен салық салуға жатпайды.

    Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеп шығару тәртiбi

    Салық агентi салық сомасын төлем көзiнен салық салынатын, төленiп отырған табыс сомасына 15 пайыздық ставканы қолдану жолымен айқындайды.

    Салық агентi төлем көзiнен салық салынатынтабыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға мiндеттi.

    Депозитарлық қолхат бойынша кірістерді төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.

    Төлем көзінен салықты аудару тәртібі


    Егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.

    Төлем көзінен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

    Төлем көзiнен ұсталған салық жөнiндегi есеп-қисап

    Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп-қисапты тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

    ІІІ. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы

    Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектісінің үшінші түріҚазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың таза табысы болып табылады және корпорациялық табыс салығының үстiне 15 пайыздық ставка бойынша салық төлейді.

    Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару


    Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн 15 пайыздық ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, қолдану жолымен есептеп шығарылады.

    Бүгінгі таңдағы корпорациялық табыс салығының ставкалары:

    1. Салық төлеушiнiң табыстар мен шығыстар сомасына және белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысынан 15 процент.

    2. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің табыстар мен шығыстар сомасына және ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысынан 10 процент. 

    3. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 10 процент. 

    4. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.

     Салық кезеңi

    Корпорациялық табыс салығы үшiн күнтiзбелiк жыл - салық кезеңi болып табылады.

    Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады. Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.

    Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

    Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

    Салық декларациясы


    Арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

    Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.

     

    КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША

    ДЕКЛАРАЦИЯ Форма 100


    1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

    2. Салық кезеңі (жыл) 2007

    3. Салық төлеушінің атауы: “Көк-мардан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

    4. ЭҚЖЖ Үлес салмағы

    5. Декларация түрі: Кезекті

    6. Хабарламаның нөмірі мен күні

    7. Валюта коды KZT -теңге

    8. Берілген қосымшалар: негізінен қосымшаның 42 түрі бар

    9. Резидент емес




    І.БӨЛІМ. ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС

    Жол коды

    Атауы

    млрд.

    млн.

    мың




    100.00.001

    Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс




    042

    500

    000

    100.00.002

    Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс




    -

    -

    -

    100.00.003

    Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс




    -

    700

    000

    100.00.004

    Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар




    -

    -

    -

    100.00.005

    Мүлікті жалға беруден түсетін табыс




    -

    920

    000

    100.00.006

    Борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар




    -

    -

    -

    100.00.007

    Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар




    -

    -

    -

    100.00.008

    Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар




    -

    -

    -

    100.00.009

    Кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар




    -

    -

    -

    100.00.010

    Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар




    -

    240

    000

    100.00.011

    Айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері




    -

    -

    -

    100.00.012

    Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар




    -

    120

    000

    100.00.013

    Өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер




    -

    -

    -

    100.00.014

    Дивидендтер




    -

    -

    -

    100.00.015

    Сыйақылар




    -

    150

    000

    100.00.016

    Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі




    -

    -

    -

    100.00.017

    Ұтыстар




    -

    -

    -

    100.00.018

    Роялти




    -

    -

    -

    100.00.019

    Әлеуметтік сала обьектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады




    -

    -

    -

    100.00.020

    Басқа да табыстар




    -

    950

    000

    100.00.021

    ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС

    (100.00.001-100.00.020 жолдардың сомасы)




    045

    580

    000

    ІІ. БӨЛІМ. ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСТЫ ТҮЗЕТУ

    100.00.022

    Жылдық жиынтық табысты түзету




    -

    050

    000

    100.00.023

    Түзетуден кейінгі жылдық жиынтық табыс (100.00.021-100.00.022)




    045

    530

    000

    ІІІ. БӨЛІМ. ШЕГЕРІМДЕР

    100.00.024

    Өткізілген тауарлар (жұмыс, қызмет) бойынша шығындар




    040

    250

    000

    100.00.025

    Сыйақы бойынша шегерiмдер




    -

    800

    000

    100.00.026

    Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер




    -

    -

    -

    100.00.027

    Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер




    -

    -

    -

    100.00.028

    Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер




    -

    500

    000

    100.00.029

    Ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер




    -

    150

    000

    100.00.030

    Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру




    -

    210

    000

    100.00.031

    Әлеуметтiк төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру




    -

    680

    000

    100.00.032

    Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi




    -

    -

    -

    100.00.033

    Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiмдер




    -

    -

    -

    100.00.034

    Салықтар шегерiмi




    -

    330

    000

    100.00.035

    Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыптары




    -

    -

    -

    100.00.036

    Амортизациялық аударымдар, жөндеу шығындары, тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер




    -

    990

    000

    100.00.037

    ШЕГЕРІМДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ




    043

    910

    000

    ІV.БӨЛІМ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ ЕСЕПТЕУ

    100.00.038

    САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС (ЗАЛАЛ)

    (100.00.023-100.00.037)




    001

    620

    000

    100.00.039

    Салық салуда жеңілдігі бар елден алынған табыстар




    -

    -

    -

    100.00.040

    БАРЛЫҚ САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС (ЗАЛАЛ) (100.00.038-100.00.039)




    001

    620

    000

    100.00.041

    Көшіруге жатпайтын, пайдалануға бірінші рет енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың шегеріміне жатқызудан залал




    -

    -

    -

    100.00.042

    Көшіруге жататын залал




    -

    -

    -

    100.00.043

    Салық салынатын табысты түзету




    -

    -

    -

    100.00.044

    Бұрыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар




    -

    -

    -

    100.00.045

    ТҮЗЕТУЛЕР МЕН КӨШІРІЛГЕН ЗАЛАЛДАРДЫ ЕСКЕРІП САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС




    001

    620

    000

    V. БӨЛІМ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ЕСЕБІ

    100.00.046

    Есептелген салық сомасы (100.00.045 х 15%)




    -

    486

    000

    100.00.047

    Таза табысқа салынатын салынатын салық сомасы




    -

    -

    -

    100.00.048

    Жүргізілген есепке алулардың барлығы




    -

    -

    -

    100.00.049

    ЕСЕПТЕЛГЕН САЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҒЫ




    -

    243

    000

    100.00.050

    Төленген аванстық төлемдердің барлығы




    -

    200

    000

    100.00.051

    ТӨЛЕНУГЕ ТИІС САЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҒЫ




    -

    43

    000

    100.00.052

    Артық төленген салық сомасы




    -

    -

    -



    Пайдаланған әдебиет тiзiмi:


    1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;

    2. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу» Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006;

    3. Найманбаев.С.М. «Салықтық құқық» Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2006.

    4. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95 №309;

    5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;


    написать администратору сайта